Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді
  • НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты
  • Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
  • Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады
  • «100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды
  • Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті
  • Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар
  • «Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 21 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Бүкіләлемдік тазалық күні: Созақ ауданының халқы жаппай сенбілікке шықты

Бүкіләлемдік тазалық күні: Созақ ауданының халқы жаппай сенбілікке шықты

18 Қыркүйек, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүкіләлемдік Тазалық күніне орай, Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Созақ ауданында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Эко шараның негізгі мақсаты — азаматтар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру. Аудандық ардагерлер алқасы бастаған топ «Ысқақ баб» кесенесінің айналасында шашылған қоқыстарды жинап, киелі мекен аумағын қураған шөптерден тазартты. Шара соңында жиналған 1 тоннаға жуық қоқыс арнайы полигонға жеткізілді.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы, абыз ақсақал Әбдірашұлы Садық та тазалық жұмыстарына қатысып, өз үлесін қосты.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы – бүкіл елін, жерін жақсы көретін азаматтардың басын қосып, туған жерін тазалап, ағаш егіп, экологияны сақтауға бағытталған бағдарлама. Біз өз өлкемізді күл-қоқыстан тазалай отырып, өскелең ұрпақты экомәдениеттілікке, қоршаған ортаны қорғауға үйретеміз. Табиғат ананы қорғай білсек, келер ұрпақ алдында мәртебеміз биік болмақ», — деді ақсақал.

Сондай-ақ созақтықтар Шолаққорған елді мекеніндегі «Орталық» саябақпен қатар, Таукент ауылында орналасқан «Жастар» саябағында да тазалық жұмыстарын жасады. Шараға елді мекен тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ардагерлер және еріктілер атсалысты. Эко шара аясында демалыс аймақтарында қоқыстар жиналып, қураған ағаштардың бұтақтары кесіліп, ретсіз өскен шөптер шабылды. Эко шараға 100-ге жуық адам қатысып,  қос саябақ аумағынан 8 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Туристер үшін тартымды мекен саналатын Қызылкөл көлінің аумағында да тазалық жұмыстары жүргізілді. Көлдің айналасы, емдік қара балшығы бар аумағы мен көлге апарар жолдың бойы тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстардан тазартылды.

Атап өтейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы басталғалы, Түркістан облысында өткізілген сенбіліктерге 3,5 мыңнан астам тұрғындар қатысып, 98 техника тартылды. Нәтижесінде 400 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Бағдарлама аясында Түркістан облысы аумағында «Үлгілі ауыл» байқауы бастау алған. Байқаудың негізгі критерийлері ретінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өткізілген іс-шаралардың саны, насихаттау көрсеткіші, ауылды көгалдандыру, абаттандыру, тазалықтың сақталуы, ауылдың экологиялық жағдайы назарға алынып, байқаудың жүлдегерлері үшін жергілікті бюджеттен әлеуметтік нысандар салынатын болады.

Оқылып жатыр

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

«100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

Соңғы жазбалар

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

20 Қыркүйек, 2025

«100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды

20 Қыркүйек, 2025

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

20 Қыркүйек, 2025

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

20 Қыркүйек, 2025

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

20 Қыркүйек, 2025

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.