Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Teacher’s Summit-2025: Қазақстандық мұғалімдерге цифрлық дәуірге бейімделудің жолдары таныстырылды

7 Қараша, 2025

«Бір де бір заңсыздық таппадым»: Алматыда халықпен кездескен Бақытжан Базарбек құрылыс дауына қатысты пікір білдірді

7 Қараша, 2025

«Бұл келісім Ресей мен Қытайдың дәстүрлі ықпалын әлсіретеді»: Саясаткер «Ибраһим келісімі» туралы шындықты айтты

7 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Teacher’s Summit-2025: Қазақстандық мұғалімдерге цифрлық дәуірге бейімделудің жолдары таныстырылды
  • «Бір де бір заңсыздық таппадым»: Алматыда халықпен кездескен Бақытжан Базарбек құрылыс дауына қатысты пікір білдірді
  • «Бұл келісім Ресей мен Қытайдың дәстүрлі ықпалын әлсіретеді»: Саясаткер «Ибраһим келісімі» туралы шындықты айтты
  • Ибраһим келісімі Қазақстанның әлем елдерімен ынтымақтастығын нығайтады — СІМ
  • Батыс Қазақстанда келешек мектебі бой көтерді
  • «Шімірікпей өтірік айтты»: Депутат Бақытжан Базарбектің әйелі қызметтік үйін көрсетіп, оңбай сынға қалды (ВИДЕО)
  • 2026 жылдан бастап Қазақстандықтардың жасырын табысы жаңа әдіспен анықталады
  • 2026 жылғы Құрбан айт қай уақытта басталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 8 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Бұл келісім Ресей мен Қытайдың дәстүрлі ықпалын әлсіретеді»: Саясаткер «Ибраһим келісімі» туралы шындықты айтты

«Бұл келісім Ресей мен Қытайдың дәстүрлі ықпалын әлсіретеді»: Саясаткер «Ибраһим келісімі» туралы шындықты айтты

7 Қараша, 2025 Басты тақырып
Фото: Ақорда, коллаж: Todayinfo.kz
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанның Таяу Шығыстағы геосаяси архитектураны өзгерткен «Ибраһим келіссөздеріне» (Авраам келісімдері) қосылуы – бүгінгі уақыттағы ең маңызды әрі ең көп талқыланған дипломатиялық оқиғалардың бірі болып отыр. Газадағы қақтығыстан кейін тоқырап қалған бұл бастамаға Астананың алғашқылардың бірі болып үн қатуы халықаралық қауымдастықтың назарын аударды. Бұл шешім Қазақстанның көпвекторлы саясатының жаңа белесі ме, әлде АҚШ пен Израильмен қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған прагматикалық қадам ба?

Todayinfo.kz сайтына эксклюзивті сұхбат берген белгілі саясаткер Жанат Момынқұлов бұл қадамды «қазақ дипломатиясын қайта жүктеуге»(reboot) теңеп, оның символдық мәнінен әлдеқайда терең екенін атап өтті. Оның пайымдауынша, бұл бастама Астананың Вашингтонмен саяси сенімін арттырып, Израильден жаңа технологиялар (киберқауіпсіздік, ІТ, медицина) мен инвестициялар тартуға жол ашады. Сондай-ақ, сарапшы бұл шешімнің Қазақстанды «көлеңкеден» шығарып, Орталық Азиядағы геосаяси балансқа (әсіресе Ресей мен Қытай ықпалына) қалай әсер ететінін және араб елдерімен қатынастардың жаңа кезеңін болжады.

  1. Қазақстанның сыртқы саясатына әсері

— Авраам келісімдері Таяу Шығыста жаңа геосаяси архитектура қалыптастырды. Қазақстан үшін бұл аймақ әрдайым маңызды болған. Келісімдерге дейін және кейін біздің сыртқы саясатта қандай өзгерістер байқалады деп ойлайсыз?

Меніңше Қазақстанның Газа соғысынан бері Ибраһим келіссөздеріне қосылған алғашқы ел болуы ірі дипломатиялық шешім. Бұл Қазақстанның “диалог пен тұрақтылыққа негізделген сыртқы саясатының қисынды табиғи жалғасы”. Бұл қадам Қазақстанның халықаралық саясатта дербес қимылдап күрделі ойнай алатын бейбітшіл, зайырлы мұсылман ел екенін айшықтайды. Бұл символдық бастама қазақ дипломатиясын қайта жүктеуге, мәртебесін көтеруге парапар маңызды бастама. Ибраһим келіссөздері Трамптың бейбіт бастамасы болғандықтан бұл Ақорданың қолдауына жауап ретінде Вашингтонның саяси сенімін күшейтпек. Бұл келісім Тоқаевтың Трампқа құрметі мен қолдауы. Дж.Венс те Қазақстанның келісімге қосылуы Трамптың бастамасын жандандыратынын мәлімдеді. Израиль Газадағы саясаты себепті оқшауланып, Авраам келіссөздері тоқтаңқырап қалған еді. Енді бұл аталған елдің араб және мұсылман әлеміндегі легитимділігін арттырады.

Қазақстанның мақсаты  АҚШ пен оның жақын одақтасы Израилмен қатынасын тереңдету және кең ауқымды ынтымақтастық жобаларына қатысу үшін діни төзімділік пен диалог туралы белгі жіберу. Өйткені Трамптың командасының өзі Ибраһим келіссөзін кеңейту үшін аймақпен ынтымақтасу және діни төзімділікті алға тартқан еді. АҚШ үшін пайдалы тұсы Қазақстанды қосып, Авраам келісімдерін жандандыру және осы диалог көпірін кеңейту.  Қазақстанның бас раввині Й.Коэн де бұл қадамның еліміздің саясатына сай сәйкес тек пайда әкелетініне сенімді.

Қазақстанның Таяу Шығыстың араб және мұсылман елдерімен қатынастары енді жаңа қырынан қаралатын болады. Қақтығыс бойынша Астана өз позициясын ашық айтып, позициясын көрсетіп отыр. Сауд Арабиясы бізге ерекше назар аударатын сияқты. Бүгін бүкіл әлем болып Қазақстан туралы ақпарат іздей бастады. Келісімге дейін Таяу шығыспен қатынастар белсенді, бірақ географиялық және геосаяси себептермен біршама шектеулі болған. Соңғы кезде Израильмен жақын қатынастағы БАӘ, Қатар сынды елдермен инвестициялық-технологиялық қатынастарымыз дами бастаған. Оған дейін Египет, Йордания, Сауд Арабиясы сияқты елдермен сенімді қатынас құрылған. Әлбетте, араб елдерінің Палестина мәселесінде көзқарастары әркелкі, кейде қайшы. Десек те, Қазақстанның ендігі аймақтағы саясаты біршама жанданады деп ойлаймын. Өйткені бұл елімізге жаңа геосаяси бағытты айқара ашып, көлеңкеден шығарып мұсылман әлеміндегі нақты, белсенді ойыншыға айналдырады.

  1. Экономикалық және инвестициялық ықпал

— Израиль–Парсы шығанағы елдерінің жақындасуы аймақтағы экономикалық ағындарды өзгертті. Қазақстан осы өзгерістерден қандай мүмкіндіктер немесе қауіптер көре алады?

Қазақстан мұсылман әлеміндегі АҚШ бастаған форматтағы келіссөздерге ене отырып, жаңа экономикалық серіктестер іздейді. Израильмен келісу технология, қауіпсіздік, ауыл шаруашылылығы, медицина, энергетика, қорғаныс салаларында жаңа мүмкіндіктерді: технологиялар транферті мен инвестицияларға жол ашады.

Ибраһим келісімдері нәтижесінде Таяу Шығыста жаңа экономикалық кеңістік қалыптасуда. АҚШ пен Израильмен келісімге келген елдер дамитын болады. Қазақстан осы үрдіске қосылу арқылы мұсылман әлемінде АҚШ бастаған экономикалық форматқа белсенді қатыса алады. Бұл Израильге қарағанда АҚШ-тың мүддесі үшін көбірек маңызды, Орталық Азиядағы рөлін арттырады. Бұл елімізге жаңа серіктестермен инновациялық, қаржылық ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Вашингтон Орталық Азиядағы ықпалын арттыруға, Ресей мен Қытайдың позициясын теңестіруге мүмкіндік алады. Ал Қазақстан жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуға жол табады. Қазақстан барлық тараптармен тең қатынас құруға, ешкімнің осіне кірмеуге күш салып келген. Жаңа келісім шеңбері Қазақстанның Американың дипломатиялық құрылымына жақындағанын көрсетеді.

  1. Орталық Азиядағы баланс

— Авраам келісімдері аймақтық балансты АҚШ, Израиль және Парсы шығанағы елдерінің пайдасына бұрды деген пікір бар. Бұл Орталық Азиядағы геосаяси тепе-теңдікке қалай әсер етуі мүмкін?

Қазақстанның келісімге қосылуы Орталық Азиядағы геосаяси балансқа да өзгеріс әкелуі мүмкін. АҚШ, Израиль және Парсы шығанағы елдерінің аймаққа бетбұрысы Ресей мен Қытайдың дәстүрлі ықпалын әлсіретуі мүмкін. Иран мен Түркияны да айналып өткен Орталық Азия елдері осылайша АҚШ пен Израильмен тікелей келіскені геосаясаттың орталығына ойысқанмен парапар. Бұл қадам Қазақстан үшін қымбатқа түсетін геосаяси тәуекел емес, керісінше, прагматикалық көпвекторлы саясаттың көрінісі. Қазақстан ешқандай блокқа қосылмай, бейтарап және диалогтық саясат ұстанады. Сонымен бірге, бұл Ибраһим пайғамдардан бастау алатын дінаралық, тарихи символика моделін Орталық Азияға қатысты қолдануға мүмкіндік береді. Бұл аймақтың болашақта жаңа мәдениетаралық диалог пен тұрақтылық архитектурасының қалыптасуына негіз болуы ықтимал. Қазақ ұлтына гегемонизм мен шығыс авторитаризмінен бөлек болашақтың балама парадигмасын ашып, әлемге жеке дара ойыншы ретінде кірігіп, пікірдің жаңаруы мен интеллектуалдық тұрғыдан оқшаудан шығарады. Қазақ жұрты күрделі ойынға көшті.

  1. Араб елдерімен қатынас

— Қазақстан дәстүрлі түрде араб елдерімен жақсы қарым-қатынаста. Авраам келісімдері қабылданғаннан кейін Қазақстанның араб әлемімен дипломатиялық байланыстарында қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Қазақстан дәстүрлі түрде араб елдерімен сенімді қарым-қатынас құрған. Египет, Сауд Арабиясы, Иордания сияқты елдермен дипломатиялық байланысы тұрақты дамуда. Енді Ибраһим келісімдерінен кейін бұл қатынастар жаңа сапалық деңгейге көтерілуі мүмкін. Қазақстанның орта держава ретіндегі қадамы Таяу Шығыста Американың басшылығындағы бейбіт елдердің қауымдастығын кеңейтіп, БҰҰ аясында құқық пен диалогты ілгерілетуге, аймақтық ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік береді. Сауд Арабиясы мен БАӘ тарапынан Қазақстанға деген қызығушылық артуы мүмкін. Әрине, бұл Сауд Арабиясына ыңғайсыз жағдай тудырып, қозғау салуы да ғажап емес. Алайда Сауд Арабиясы Американың қысымына және 2002 жылғы Араб бастамасынан бас тартпағанына қарамастан, алдағы аптада елдің королі АҚШ-қа сапарынан соң бір өзгеріс болуы мүмкін. Қазақта “Күштінің арты диірмен тартады” деген сөз бар. Вашингтон да Ибраһим келісімдерін кеңейту үшін жаңа серіктестер іздеп жатыр. Осы тұрғыда Қазақстанның бейтарап әрі беделді позициясы оған ерекше артықшылық береді. Батыс мен Израильмен сауда-әскери, экономикалық қатынас құрған БАӘ елінің қалай дамып бара жатқанын бүкіл әлем біледі. Таяу Шығыста Израиль талай тактикалық мәселелерін шешіп алды, ол өмір бақи айналасындағы 1 млрд сунни мұсылман елдерімен жауласуды қойып, ауқымды бейбіт келісімге келуге мәжбүр. Сондықтан бұл шарт аймақты тұрақтандыратын фактор болуы ықтимал.

  1. Қауіпсіздік және технология

— Келісімдердің бір маңызды бөлігі — қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық. Израиль технологиялары, киберқауіпсіздік, барлау салалары күшейіп жатыр. Қазақстан үшін бұл бағытта жаңа мүмкіндіктер туады ма?

Израиль киберқауіпсіздік пен әскери технологияда әлемдік көшбасшы екені анық. Мысалы, Әзербайжанның Израилдан алатын дрон, әуе қорғаныс, телекоммуникация, барлау саласындағы артықшылықтарға ие болғанын білеміз. Келісімге қосылу Қазақстанға ІТ, жасанды интеллект, кибер, медицина және энергетика салаларында жаңа серіктестік мүмкіндіктерін ашады деп сенемін. Ресей мен Қытайдың ортасында қысылған Астана АҚШ және Еуропамен, Израильмен Орта дәліз арқылы байланысын күшейтіп, көлік-тасымалды көздейді. Авраам келісімдеріне қосылу Вашингтонның саяси және жеке секторының назарын Қазақстанға аударып, нақты экономикалық және технологиялық ынтымақтастыққа жол ашады.

  1. Палестина сұрағы

— Қазақстан Палестина мәселесінде әрдайым ұстанымды позицияда болды. Авраам келісімдері Палестина мәселесін екінші планға ысырып қойды деген сын бар. Бұл Қазақстанның ресми позициясына немесе халықаралық беделіне әсер етуі мүмкін бе?

Қазақстан әрдайым Палестина мәселесінде теңгерімді және құқыққа негізделген ұстаным білдірді. Ибраһим келісімдері Палестина тақырыбын екінші планға ысырып қойды деген сын да бар. Бұл келісім Палестина халқы құқығын қолдамау деген сөз емес. Аймақта Газада соғыс тоқтап, АҚШ бастаған Израиль, Египет, БАӘ, Түркия, Қатар, Сауд Арабиясының қатысуымен үлкен өзгерістер орын алып отыр. Сирияны қамтитын ауқымды нормализация үрдісі болуы мүмкін. Қазақ тарапы бұл үдерістің бейбіт диалогқа, аймақ тұрақтылығына жол ашатынын сенеді. Орталық Азия елдері Израиль мен араб елдерімен бірлесіп, бейбіт процеске өз үлесін қоспақ. Біз үшін басты қағида бейбіт шешім мен гуманитарлық жағдайдың дұрысталуы. Сондықтан келісімге қосылу Палестинаға аймақты бейбіт даму жолына бұруға бағытталған деп сенеміз. Газа мәселесін қалай болса да реттеп, аймақта үлкен бейбіт және ынтымаққа қарай ірі қадамдар жасалуы керек.

  1. Жаһандық ойыншылар арасындағы тепе-теңдік

— Ресей, Қытай және АҚШ арасындағы тартыс кезінде Авраам келісімдері АҚШ-тың Таяу Шығыстағы позициясын күшейткені байқалады. Қазақстан осы жаңа реалияда қандай көпвекторлы саясат жүргізе алады?

Қазіргі геосаяси жағдайда Ресей, Қытай және АҚШ арасындағы тартыс жағдайында бізге жаңа есік ашылды. Қазақстан осы күрделі үшбұрышта теңгерімді көпвекторлы саясат ұстана береді. Ибраһим келісімдері арқылы Қазақстан соғысты тоқтатқан Израильге қолдау көрсеткенсіп, бастысы АҚШ-пен байланысын нығайтып отыр. Ресей мен Қытаймен де прагматикалық әріптестікті сақтай береді. Бұл батыл қадам – Қазақстанның сыртқы саясаттағы дербестігі мен стратегиялық салмағын күшейтеді. Авраам келісімдері бұдан былай израиль-палестин қақтығысынан қалған араб-израиль тарихи бәсекелестіктің шеңберінен шығып Азияға жайылып жатқанын көрсетеді. Бұл бастама маңызды геостратегиялық және экономикалық жағдаяттарды мүлдем өзгертіп жіберуі мүмкін.

  1. Қазақстан–Израиль қатынастары

— Израильдің Парсы шығанағымен ынтымақтастығы артқан соң, Қазақстан–Израиль серіктестігінің жаңа форматтары пайда болуы мүмкін бе?

Израильмен байланыс жаңа форматта кеңеюі мүмкін. Екі ел арасындағы ынтымақтастық киберқауіпсіздік, ауыл шаруашылығы, медицина, жасыл энергетика және жоғары технологиялар саласында дамуда. Израильдік технологиялар мен қазақстандық ресурстар бірін-бірі толықтырып, серіктестіктің нақты артықшылығы алда көрінетін болады.

  1. Қазақстанның дипломатиялық рөлін бағалау

— Қазақстан бітімгерлік бастамаларымен танымал. Авраам келісімдерінен кейін біздің ел қандай жаңа делдалдық немесе дипломатиялық миссияларды өз мойнына ала алады деп ойлайсыз?

Қазақстан Сирия келіссөздерінен бастап, Ауғанстан және Украина мәселелерінде диалог алаңын ұсынған алаң ретінде бітімгерлік дәстүрімен танымал. Ибраһим келісімдерінен кейін де Қазақстан жаңа аймақаралық делдалдық миссияларды атқара алады. Бұл оның жаңарған еуразия әлеміндегі халықаралық беделін арттырады және ислам әлеміндегі бейбіт келісімге шақыратын ықпалды күшке айналдырады.

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуының геосаяси мәні жәй символдық қадамнан асып кетті. Бұл шешім еліміздің сыртқы саяси беделін күшейтіп, Орталық Азияның геосаяси орнын жаңа деңгейге шығаратын тарихи бастама. Қазақстан өзін бейбітшілік пен өркениеттер диалогының орталығы ретінде айқындап отыр. Ал Ибраһим келісімдері осы миссияны халықаралық деңгейде жаңа мазмұнмен жалғастыру мүмкіндігі болады.

  1. Болашақ болжамы

— Авраам келісімдері кеңеюі мүмкін деген пікір бар. Егер жаңа елдер қосылса, Қазақстан үшін қандай жаңа стратегиялық мүмкіндіктер ашылады?

Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуы аймақтағы жаңа геосаяси процестің бастауын білдіреді. Енді Әзербайжан мен Өзбекстан сияқты түркітілдес мемлекеттер де бұл бастамаға қосылатын сияқты. Бұл елдер біртіндеп Ресей-Иран ықпалынан алыстап, АҚШ пен Израильмен жақындасып келеді. Астана мен Бакудің келісімге тартылуы Вашингтон мен Тель-Авивке Каспий аймағында стратегиялық артықшылық береді. Өйткені бұл мемлекеттер уран мен газ қоры мол, әрі Еуразия мен Таяу Шығысты байланыстыратын маңызды геоэкономикалық торапта орналасқан. Бұл Трамптың сыртқы саясатындағы маңызды жетістік және аймақтағы жаңа дипломатиялық архитектураны қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

 

Сұхбат құрған: Мейіржан Әуелханұлы, Todayinfo.kz

Авраам келісімі АҚШ Жанат Момынқұлов Ибраһим келісімі Ибраһим келіссөзі Тоқаев Қазақстан

Оқылып жатыр

Бізге Батыс әлемін зерттеу орталығы керек – журналист

Қазақстан мен АҚШ 17 млрд доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойды

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты

Qazaq Stroy-дың 75 миллиардтық жобасы: Халыққа кітапхана керек пе, әлде баспана ма?

«90 күн дауы»: Ресейдің жаңа заңы ЕАЭО-ны неге дүрліктірді?

Тоқаев Трамппен кездесу үшін АҚШ астанасына сапармен барды

Соңғы жазбалар

Teacher’s Summit-2025: Қазақстандық мұғалімдерге цифрлық дәуірге бейімделудің жолдары таныстырылды

7 Қараша, 2025

«Бір де бір заңсыздық таппадым»: Алматыда халықпен кездескен Бақытжан Базарбек құрылыс дауына қатысты пікір білдірді

7 Қараша, 2025

«Бұл келісім Ресей мен Қытайдың дәстүрлі ықпалын әлсіретеді»: Саясаткер «Ибраһим келісімі» туралы шындықты айтты

7 Қараша, 2025

Ибраһим келісімі Қазақстанның әлем елдерімен ынтымақтастығын нығайтады — СІМ

7 Қараша, 2025

Батыс Қазақстанда келешек мектебі бой көтерді

7 Қараша, 2025

«Шімірікпей өтірік айтты»: Депутат Бақытжан Базарбектің әйелі қызметтік үйін көрсетіп, оңбай сынға қалды (ВИДЕО)

7 Қараша, 2025

2026 жылдан бастап Қазақстандықтардың жасырын табысы жаңа әдіспен анықталады

7 Қараша, 2025

2026 жылғы Құрбан айт қай уақытта басталады

7 Қараша, 2025

Teacher’s Summit-2025 Қазақстан педагогтарының цифрлық болашағына жол ашады

7 Қараша, 2025

«Он млн теңге бопсалаған»: Шымкентте Azattyq ruhy-ның бұрынғы тілшісі ұсталды

7 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.