Белгілі заңгер Айгүл Орынбек үкіметке үндеу тастады. Ол ұлттың намысын қорлағандарға қатысты заңды күшейту керектігін талап етті, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
«Уа, Олжас Бектенов басқарып отырған «Естуші Үкімет»!. Ұлттық мәдениетініміздің атрибуттарын қорлап, ұлттың ашуына тиетін провокаторларға қатаң заң керек! Қылмыстық кодекстің 174-бабына өзгерістер енгізу керек! «Ұлттық нақыштарға» деген сөзді қосу керек! Өзбекстан, Қырғызстанда бұларды осылай бұттарын ашып талтаңдатып билетіп қоймайды. Ал Қазақстанда әркім білгенін істеп жатыр. Бұл арсыздарға «тоқта» деп айтатын бұл елдің үкіметі қайда қарап отыр?», деп жазды ол.
Ашуға булыққан заңгер Аида Балаева мен Ержан Сәденовке де бұйыра сөйледі.
«Мәдениет министріміз Аида Балаева ханым! Қазағымды қорлайтындар қашанғы сахнада, экран беттерінде осылай тайраңдайды? Қолына микрофон ұстағандармен емес, бұтын ашып ұлтты қорлайтындарға қарсы күресті күшейтіңіз! Ал әзірше, ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабымен іс қозғаңыздар, Ержан Сәденов мырза! Ұлттың арасында алауыздық туғызғаны үшін, бұлар жай кешіріммен құтылып кетпеу керек! Етегі жиналмайтын, кім көрінгендер қорлай беретін сорлы ел болдық!», деді Орынбек.
Әлеуметтік желі оқырмандары заңгердің сөзіне «Баян апалары бастап берген», «Өзбекстанда жасасын елден депортация жасайды», «Өте дұрыс, түнгі клубта білеп жатқандай тайраңдап, ұлттық киім қорлап», «Жалпы қазақ тектілігін бұзу саясаты оңай іске асырылуда», деген мазмұнда түрлі пікір қалдыруда.