Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • «Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

БҰҰ нысандарын қорғайды: Қазақстан 430 сарбазды шетелге жібереді

19 января, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанның Таяу Шығыс елдеріне жіберілетін сарбаздары резервте болады. Коменданттық сағатта жүріп, БҰҰ нысандарын қорғайды. Патруль жүргізеді. Марш жасайды, басқа да функционалдық міндеттерді орындайды, деп хабарлайды Todayinfo Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Парламент палаталарының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысы мақұлданды.

Отырыста қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 2014 жылдан бастап Қазақстанның 67 офицері БҰҰ-ның Батыс Сахарадағы, Кот-д’Ивуардағы, Малидегі, Орталық Африка Республикасындағы және Ливандағы миссияларына әскери байқаушы және штабтық офицер ретінде қатысқанын атап өтті. 2018 жылдан бастап Қазақстан 538 әскери қызметшісі бітімгершілік бөлімше құрамында «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» миссиясына қатысқан.

Қазір де Қазақстанның әскерилері БҰҰ-ның миссияларында: Батыс Сахарада 6 офицер, Орталық Африкада 2 офицер, Конгода 2 офицер, Ливанда 9 әскери қызметші қызмет өткеріп жатыр.

 

– Бітімгершілік миссияларын қысқарту аясында бітімгершілік әскери контингентті жеткізуші елдер арасында бәсекелестік артуда. БҰҰ-ның бітімгершілік қызметі шеңберінде Қазақстанның позициясын бекіту мақсатында БҰҰ Жарғысының VII тарауы аясында Қазақстан Қарулы күштерінің БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы, Оңтүстік Судан Республикасындағы және Абьейдегі бітімгершілік миссияларына қатысу географиясын біртіндеп кеңейтуді орынды деп санаймын және жалғастыруды ұсынамын. Геосаяси шиеленістің өршуі жағдайында өңірлік және ұлттық қауіпсіздікке төнетін жаңа сын-қатерлер пайда болуда, олардың бір бөлігі әскери әдістермен ден қоюды талап етуі мүмкін. Осыған байланысты әскердің жауынгерлік даярлығын одан әрі нығайту және қазіргі заманғы қатерге қарсы іс-қимыл жасауда практикалық тәжірибе игеру мәселесі аса өзекті. БҰҰ-ның миссияларына қатысу Қазақстанның Қарулы күштеріне әскерлердің жауынгерлік машықтарын жетілдіру үшін пайдаланылатын, бітімгершілік операцияларға тән қажетті жауынгерлік дағдыларға қол жеткізуге мүмкіндік береді, – дейді Руслан Жақсылықов.

 

Министрдің айтуынша, Қарулы күштердің әскери байқаушы және штабтық офицер ретінде жекелеген әскери қызметшілерді, сондай-ақ БҰҰ миссияларында барынша сұранысқа ие болып отырған жаяу әскер, медициналық, барлау, инженерлік мамандандырылған бөлімшелерді бөлуге дайын.

 

– БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлуді байқау күштері» миссиясына резервтегі рота ретінде 139 әскери қызметшіден тұратын бірінші дербес ұлттық бітімгершілік контингентті өзінің әскери техникасымен, қару-жарағымен және мүлкімен жіберуді ерекше атап өту қажет. Өрістетуді 2024 жылғы наурыздан бастап жүргізу жоспарлануда. Ол үшін БҰҰ-мен тараптардың міндеттемелерін, сондай-ақ контингенттің миссияға қатысуын қаржылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерін айқындайтын халықаралық шарт жасалады (ратификациялануға тиіс). Контингентті және мүлікті тасымалдау Қазақстан тарабының есебінен жүзеге асырылады. Өрістету мерзімі белгіленген нақты бөлімшелер мен операциялар БҰҰ-ның хатшылығымен жұмыс барысында айқындалатын болады. Әрбір жеке өрістету (бітімгершілік операция) үшін тиісті нормативтік-құқықтық база (меморандум) әзірленеді, – дейді ол.

 

Осы айтылғандардың негізінде Конституциясының 53-бабының 5 тармақшасына сәйкес БҰҰ-ның мына миссияларына:

    • 1)    «БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлуді байқау күштеріне» (UNDOF, Сирия – Израиль);

 

    • 2)    «БҰҰ-ның бітімге келу шарттарының орындалуын байқау жөніндегі органына» (UNTSO, Палестина – Израиль);

 

    • 3)    «БҰҰ-ның Оңтүстік Судан Республикасындағы миссиясына» (UNMISS, Оңтүстік Судан);

 

    • 4)    «БҰҰ-ның Абьейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі уақытша күштеріне» (UNISFA, Судан) қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің саны 430 адамға дейінгі бітімгершілік контингентін (резервтегі рота, штаб офицерлері, әскери байқаушылар және мамандандырылған бөлімшелер) жіберу жөнінде ұсыныс енгізілген.

 

Депутаттар осы ұсынысты қолдап дауыс берді.

Todayinfo.kz

жібереді сарбазын шетелге Қазақстан

Оқылып жатыр

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

Соңғы жазбалар

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.