Ақмола облысының Бурабай ауданында 24 жастағы қыз қараусыз қалған үйдің 9-қабатынан секіріп, мерт болды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Ақмола облысының полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 5 ақпанда Бурабай ауылында болған.
«5 ақпанда Бурабай ауданында 24 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсауына байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі («Суицидке дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол Бурабай ауылының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Қыз қараусыз қалған үйдің 9-қабатынан секіріп, суицид жасаған. Оқиға шамамен сағат 19:30-да болды», – делінген хабарламада.
Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Мерт болған қыздың туыстары мен таныстары анықталып, оқиғаның мән-жайы тексерілуде.