Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Ai-Hub өкілі Маңғыстауда ЖИ технологияларына арнап семинар өткізді

14 Қараша, 2025

Маңғыстауда екі ауданның экс-әкімі қамауға алынды

14 Қараша, 2025

Қытайдан қорқудың қажеті жоқ. Неге?

14 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ai-Hub өкілі Маңғыстауда ЖИ технологияларына арнап семинар өткізді
  • Маңғыстауда екі ауданның экс-әкімі қамауға алынды
  • Қытайдан қорқудың қажеті жоқ. Неге?
  • Әз Жәнібек ханға арнап жазылған жаңа тарихи қолжазба табылды
  • «Ұлымның екі қолын байлап, мойнын сүйеп кеткен»: Марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі Тоқаевтан көмек сұрады
  • «Қазақ қара жамылғанда да бұлай істемеген»: экс-күйеуін жоқтауда жаман ырымға барған Мөлдір Мұқанова сынға қалды
  • Астана әкімдігі сотта 30 мың тұрғынның мүддесін қорғап қалды (ВИДЕО)
  • Алматының туристік саласына құйылған инвестиция 2025 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 113 млрд теңгеге жетті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 14 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: коллаж Ulysmedia

2024 жылы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бастаған топ-менеджмент пен директорлар кеңесінің мүшелері шамамен 1,7 миллиард теңге көлемінде сыйақы алған. Аталған көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 22,8%-ға жоғары, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің басқарма мүшелері мен директорлар кеңесіне төленген сыйақының жалпы көлемі 2024 жылы 1,7 миллиард теңге, 2023 жылы 1,4 миллиард теңге болған. Бұл сомаға жалақы мен өзге де төлемдер кіреді. Ұлттық банк 1,7 миллиард теңгені қанша адам бөліскенін және сыйақының не себепті артқанын нақты көрсетпеген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, Ұлттық банктің шығыны 355 миллиард теңгеге жетіп, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30%-ға көп болған. Ал инфляция деңгейі 8,6% болған.

2025 жылдың ақпанына дейін Тимур Сүлейменовтің бес орынбасары болған. Сол айда Ерұлан Жамаубаев бірінші орынбасар ретінде тағайындалды. Ұлттық банктің құрамында 11 еншілес ұйым бар, олардың қатарында Қазақстан теңге сарайы, Ұлттық төлем корпорациясы, Депозиттерге кепілдік беру қоры, Банкнот фабрикасы және басқалары бар.

Ұлттық банктің сайтында директорлар кеңесінің 19 мүшесі көрсетілген (басқарма мүшелерінен бөлек). Алайда олардың бәрі сыйақы алғаны не алмағаны белгісіз.

Жақында өткен қазан айындағы брифингте журналистер Ұлттық банк төрағасынан оның жалақысын сұраған,. Бірақ Тимур Сүлейменов бұл мәліметтер қызметтік ақпаратқа жататынын айтып, жауап беруден бас тартқан. Сондай-ақ ол салық декларациясын заң шығарушы орган шешім қабылдамайынша жарияламайтынын мәлімдеген.

2024 жылы Ұлттық банктің қызметкерлерінің шығындары 11%-ға өсіп, 54,2 миллиард теңге болған. Оның ішінде жалақы көлемі 8,5%-ға артып, 31 миллиард теңге болса, сыйақылар 20%-ға өсіп, 16,5 миллиард теңгеге жеткен.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, қазан айының соңына дейін Ұлттық банктің бас кеңсесі Астанадағы жаңа 12 қабатты ғимаратқа көшеді. Алайда ол ғимараттың бағасы қанша болғанын айтудан бас тартты.

«Қанша қаржы жұмсалғанын, өкінішке қарай, айта алмаймын. Себебі бұл ақпарат “құпия” санатына жатады. Менде бұл мәліметті жариялауға негіз де, мүмкіндік те жоқ. Ақша қайдан алынды? Ұлттық банктің өз бюджеті есебінен. Төлем бірнеше кезеңмен жүргізілді: аванс, аралық төлем және соңғысы. Барлығы өз бюджетімізден төленді”, – деді Сүлейменов.

Оқылып жатыр

Ai-Hub өкілі Маңғыстауда ЖИ технологияларына арнап семинар өткізді

Маңғыстауда екі ауданның экс-әкімі қамауға алынды

Әз Жәнібек ханға арнап жазылған жаңа тарихи қолжазба табылды

Биылғы қыс қиын болмақ: Шөкин Қазақстан экономикасының тығырыққа тірелгенін тәпсірледі

ТЭЦ-2-де апат болды: жарты Алматы жарықсыз, сусыз қалды

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, 1 адам мерт болды

Соңғы жазбалар

Ai-Hub өкілі Маңғыстауда ЖИ технологияларына арнап семинар өткізді

14 Қараша, 2025

Маңғыстауда екі ауданның экс-әкімі қамауға алынды

14 Қараша, 2025

Қытайдан қорқудың қажеті жоқ. Неге?

14 Қараша, 2025

Әз Жәнібек ханға арнап жазылған жаңа тарихи қолжазба табылды

14 Қараша, 2025

«Ұлымның екі қолын байлап, мойнын сүйеп кеткен»: Марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі Тоқаевтан көмек сұрады

14 Қараша, 2025

«Қазақ қара жамылғанда да бұлай істемеген»: экс-күйеуін жоқтауда жаман ырымға барған Мөлдір Мұқанова сынға қалды

14 Қараша, 2025

Астана әкімдігі сотта 30 мың тұрғынның мүддесін қорғап қалды (ВИДЕО)

14 Қараша, 2025

Алматының туристік саласына құйылған инвестиция 2025 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 113 млрд теңгеге жетті

14 Қараша, 2025

Биылғы қыс қиын болмақ: Шөкин Қазақстан экономикасының тығырыққа тірелгенін тәпсірледі

14 Қараша, 2025

ТЭЦ-2-де апат болды: жарты Алматы жарықсыз, сусыз қалды

13 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.