Цетине қаласындағы атыс 10 адамның өмірін қиды
Черногорияның Цетине қаласында кафеде адамдарға оқ жаудырған 45 жастағы Ацо Мартинович өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы RTCG және жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасаған Todayinfo хабарлайды.
Оқиға салдарынан қайтыс болғандар саны 10 адамға жетті, олардың ішінде екі бала бар.
Қылмысқа байланысты мәліметтер
Мартинович кафеде орын алған жанжалдан кейін қару қолданған. Жергілікті ішкі істер министрлігі күдіктіні іздестіру және ұстау операциясының сәтті аяқталғанын хабарлады. Алайда ол тұтқындалу кезінде суицид жасамақ болып, ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.
Черногория билігінің шаралары
Трагедиядан кейін Черногория билігі қару ұстауға тыйым салу және заңсыз қару сақтау үшін жазаны қатаңдату мәселесін көтерді.
Үкімет қайғылы оқиғаға байланысты үш күндік ұлттық аза тұту күндерін жариялады.
Киев Украинаның аумақтарын дипломатиялық жолмен қайтаруға дайын – Зеленский