Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі

1 Желтоқсан, 2025

«Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады

1 Желтоқсан, 2025

Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі
  • «Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады
  • Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды
  • Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды
  • Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?
  • Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін
  • Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы
  • Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Cyber Quryltai 2025: Түркістанда ақпараттық қауіпсіздік саласының мамандары бас қосты

Cyber Quryltai 2025: Түркістанда ақпараттық қауіпсіздік саласының мамандары бас қосты

23 Мамыр, 2025 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Түркістан қаласындағы «Rixos Turkistan» қонақ үйінде «CYBER QURYLTAI: Түркістандағы қауіпсіздік оазисі» атты ақпараттық қауіпсіздік және кибермәдениетті дамытуға арналған форум басталды. Форумға еліміздің өңірлерінен 80-ге жуық сала мамандары қатысып, тәжірибе алмасуда, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысының əкімдігі, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның мақсаты – цифрлық трансформация жағдайында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, заманауи киберқауіптерге қарсы әрекет ету тетіктерін қарастыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы өзара байланысты нығайту.

CYBER QURYLTAI – жаһандық цифрлық сын-қатерлер жағдайында еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіз цифрлық экожүйені қалыптастыру жолындағы маңызды іс-шара.

Басқосуда «Лаборатория Касперского» компаниясының Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры В.Зубанов модераторлық етті.

Форумды Түркістан облысы əкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев ашып, қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі.

«Сіздерді түркі әлемінің рухани астанасы – қасиетті Түркістан төрінде қарсы алу біз үшін үлкен мәртебе. Бұл форум – тек ақпарат алмасу ғана емес, еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі мен технологиялық болашағына қатысты маңызды бастамалар тоғысатын стратегиялық диалог алаңы. Түркістан – қауіпсіздік пен цифрлық дамудың жаңа орталығы. Қаламыз бүгінде инновация мен қауіпсіздік қатар дамып отырған өңірлік хабқа айналып келеді. Біздің мақсат – Түркістанды жоғары технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік бойынша үлгілі аймаққа айналдыру. Осы бағытта цифрландыру, кадр даярлау, халықаралық серіктестік, инфрақұрылымдық және технологиялық жобалар қатар іске асуда. Ақпараттық қауіпсіздік – біздің басты назарымызда. Облыс бойынша желіаралық экрандар (firewall), антивирустық бағдарламалар, серверлік қауіпсіздік жүйелері енгізілген. «Cyber Quryltai» – Түркістан облысының цифрлық және киберқауіпсіздік саласындағы жаңа бетбұрысының бастауы. Бүгінгі форумда ұсынылатын идеялар мен бастамалар өңіріміздің қауіпсіз әрі технологиялық болашағын айқындауға септігін тигізеді деп сенемін», –  деген Еркебұлан Дауылбаев бірлесе жұмыс істеуге, тәжірибе алмасуға және жаңа жобаларда әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Үмітжан Арықбекова да сөз сөйлеп, халықаралық стандарттарды елімізге енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.

Облыстағы Turkistan Hub – өңірлік ІТ стартаптарды қолдайтын және цифрлық кәсіпкерлікті дамытатын орталық ретінде жұмыс істеп тұр. Мұнда жастар мен стартаперлерге арналған акселерациялық бағдарламалар, IT мамандарын оқыту курстары жүргізіледі. Оған қоса, аудандарда «Smart Hub» орталықтары ашылып, ауылдық жерлердегі жастарға да цифрлық мүмкіндіктер мен білімге қолжетімділік қамтамасыз етілуде. Бұл орталықтар тек оқыту емес, жергілікті IT жобалар мен сервистердің тірек нүктесіне айналады деп күтілуде.

Биыл Түркістанда Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалын ашу жоспарланған. Университет ІТ білім беру жүйесін дамытып, өңірде инновациялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қытайлық «Sunwah Group» компаниясымен халықаралық IT park жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Іс-шара «Қазақстандағы цифрландыру мен киберқауіпсіздікті дамытудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбындағы панельдік сессияға жалғасты. Онда ақпараттық қауіпсіздік саласының өкілдері құнды мағлұматтар берді.

Сонымен қатар спикерлер мен сарапшылар «Қауіпсіз қала: Hikvision көмегімен қорғалған қалалық ортаны қалай құруға болады?», «Деректерді қалай қорғауға болады? Заң талаптарын сақтау ма, әлде пайдаланушылардың қолайлылығы ма – қайсысын таңдау керек?», «Checkpoint өнім портфеліндегі жаңа технологиялар», «Серверлік бөлмелердің стандарттары және цифрлық трансформациядағы микроЦОД-тың рөлі» тақырыптарында баяндамалар жасап, тәжірибелерімен бөлісті.   

Форумның екінші бөлімі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің сессиясы мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша оқыту тренингіне жалғасады. Осы күні қатысушыларға Түркістан қаласында экскурсия ұйымдастырылып, облыс орталығының туристік және инвестициялық әлеуеті таныстырылады.

Оқылып жатыр

Қаржылық қауіпсіздік: Түркістан қаласының әкімі марапатталды

Секторлардағы өзекті мәселелер бойынша жиын өтті

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Түркістанда көшені ластаған 8 мың адам жауапкершілікке тартылды

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Соңғы жазбалар

Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі

1 Желтоқсан, 2025

«Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады

1 Желтоқсан, 2025

Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды

1 Желтоқсан, 2025

Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды

1 Желтоқсан, 2025

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

1 Желтоқсан, 2025

Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін

1 Желтоқсан, 2025

Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы

1 Желтоқсан, 2025

Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты

1 Желтоқсан, 2025

Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді

1 Желтоқсан, 2025

«Ордадағы ойран»: танымал басылымның бас редакторын да полиция ұстады

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.