Дағыстанда жанармай құю бекеті жарылып, он адам ажал құшты.
Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жарылыс орнында қалдықтарды жинау жұмыстары жүріп жатыр. Өрт 500 шаршы метр аумақты шарпыған.
«Жанармай құю бекетінің ғимараты қирап қалды. Техникалық станция мен ас үй өртеніп жатыр. Екі жеңіл көлік пен жүк көлігіне зақым келді», — делінген Дағыстан төтенше жағдайлар министрлігі.
Апат салдарынан 21 адам жарақат алған, оның ішінде 10 адам көз жұмды. Құрбандар арасында 2 бала бар.