Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Qarmet» АҚ Ұлытау облысына 700 миллион теңге бөледі

6 Қараша, 2025

«Ерлерге болады да, әйелдерге болмай ма?»: Баян Алагөзова көпкүйеулікті заңдастыруды ұсынды

6 Қараша, 2025

Әуезов ауданындағы 18 ғимаратқа архитектуралық жарықтандыру орнатылып, 37 тұрғын үйдің қасбеті қараша айының соңына дейін жөнделеді

6 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Qarmet» АҚ Ұлытау облысына 700 миллион теңге бөледі
  • «Ерлерге болады да, әйелдерге болмай ма?»: Баян Алагөзова көпкүйеулікті заңдастыруды ұсынды
  • Әуезов ауданындағы 18 ғимаратқа архитектуралық жарықтандыру орнатылып, 37 тұрғын үйдің қасбеті қараша айының соңына дейін жөнделеді
  • Алматының Әуезов ауданы көше тазалауға 700-ден астам жұмысшы мен 160 техника шығармақ
  • Дархан Сатыбалды: «Алматы мен Шанхай – рухы жақын қалалар»
  • «Тұрсынбектің көрпесінің астына кіріп алдық»: Омар Жәлел Қабатов туралы ойын ашық айтты
  • Қытай теміржолшылары Қазақстанда жұмыс істейтін болады
  • «Сапасыз үй, жалған уәде»: Басшысы Тоқаевпен кездескен Qazaq Stroy кеңсесіне Ленин мүсінін қойған
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 6 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Дархан Сатыбалды: «Алматы мен Шанхай – рухы жақын қалалар»

Дархан Сатыбалды: «Алматы мен Шанхай – рухы жақын қалалар»

6 Қараша, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шанхайда Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен Шанхай мэрі Гун Чжэн жұмыс бабымен кездесті. Тараптар екі мегаполистің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Шанхай мэрі Алматының серіктестікті дамытудағы маңызды торап екенін атады. Ол биыл Шанхайда өткен China International Import Expo халықаралық көрмесіне алматылық кәсіпорындардың қатысуының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Алматы компанияларының өнім ұсынуы ынтымақтастықты тереңдетуге деген қызығушылықтың арта түскенін көрсетеді.

Гун Чжэн сонымен қатар өнеркәсіптік және инновациялық байланысты дамыту қажеттілігіне сенім білдіріп, қалалар арасындағы экономикалық қатынастарды кеңейтуге зор әлеует бар екенін айтты.

Дархан Сатыбалды Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған жаңа, жоғары деңгейге көтерілгенін жеткізді.

«Біз елдеріміздің көшбасшылары арасындағы тығыз саяси диалогты жоғары бағалаймыз. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынас достық пен стратегиялық серіктестіктің «алтын отыз жылдығына» қадам басты», — деді Алматы әкімі.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, Шанхай – Алматы үшін стратегиялық әріптес қана емес, рухы жақын қала. «Алматы мен Шанхай көп жағынан ұқсас: екеуі де елінің экономикалық, инновациялық және туристік орталығы», — деді Алматы басшысы.

Әкім сондай-ақ 2025 жылы жазда Алматы мен Шанхайдың ресми түрде бауырлас қалалар мәртебесіне ие болғанын еске салды. Бұл шешім сауда, инвестиция, туризм және білім беру салаларындағы серіктестікті кеңейтуге берік негіз қалады.

Бүгінде Алматы – Қытай бизнесі мен туристері үшін басты тартылыс орталығы. Қалада қытай капиталы бар 5 мыңнан астам компания жұмыс істейді, бұл Қазақстандағы барлық қытай кәсіпорындарының шамамен 70%-ы. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 7 млрд АҚШ долларынан асып, 20% өсті.

Тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді. Дархан Сатыбалды Алматы мен Шанхай арасындағы ынтымақтастықтың үш жылдық жоспарын әзірлеуді, сонымен бірге екі қаланың бизнесі арасында тікелей диалог орнату және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін Алматы-Шанхай іскерлік кеңесін құруды ұсынды.

Айта кетейік, биыл екі қала арасындағы байланысты нығайту аясында China Eastern Airlines әуе компаниясы Алматы – Шанхай тікелей әуе бағытын ашты. Сонымен бірге туристер легі де өсіп келеді: жыл басынан бері Алматыға келген қытайлық туристер саны 33%-ға артты.

Оқылып жатыр

Әуезов ауданындағы 18 ғимаратқа архитектуралық жарықтандыру орнатылып, 37 тұрғын үйдің қасбеті қараша айының соңына дейін жөнделеді

Алматының Әуезов ауданы көше тазалауға 700-ден астам жұмысшы мен 160 техника шығармақ

Алатау ауданында жарықтандыру жүйесі толық жаңартылып жатыр

Нашақорлық және Есірткі бизнесі: Жас ұрпаққа төнген қауіп

Үйдің ішіндегі «қылмыс»: Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жай-күйі

Алмалы ауданында тозған желілер жаңартылып, көше жарығы заманауи форматқа өтті

Соңғы жазбалар

«Qarmet» АҚ Ұлытау облысына 700 миллион теңге бөледі

6 Қараша, 2025

«Ерлерге болады да, әйелдерге болмай ма?»: Баян Алагөзова көпкүйеулікті заңдастыруды ұсынды

6 Қараша, 2025

Әуезов ауданындағы 18 ғимаратқа архитектуралық жарықтандыру орнатылып, 37 тұрғын үйдің қасбеті қараша айының соңына дейін жөнделеді

6 Қараша, 2025

Алматының Әуезов ауданы көше тазалауға 700-ден астам жұмысшы мен 160 техника шығармақ

6 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды: «Алматы мен Шанхай – рухы жақын қалалар»

6 Қараша, 2025

«Тұрсынбектің көрпесінің астына кіріп алдық»: Омар Жәлел Қабатов туралы ойын ашық айтты

6 Қараша, 2025

Қытай теміржолшылары Қазақстанда жұмыс істейтін болады

6 Қараша, 2025

«Сапасыз үй, жалған уәде»: Басшысы Тоқаевпен кездескен Qazaq Stroy кеңсесіне Ленин мүсінін қойған

6 Қараша, 2025

300 мың теңгеден асады: Қазақстанда тағы бір қатаң айыппұл енгізілді

6 Қараша, 2025

«Барлық жерде балалар»: Ресейлік демограф Дудьқа Қазақстанның демографиялық ерекшелігін түсіндірді

6 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.