Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Дархан Сатыбалды: мақсатымыз – Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемін екі есе арттыру

Дархан Сатыбалды: мақсатымыз – Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемін екі есе арттыру

30 Мамыр, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті кәсіпкерлермен еркін форматта кездесті. Өңірдің кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына өз әсерін тигізетін жаңа жобалармен таныстыру мақсатында өткен басқосуда жас кәсіпкерлер облыс аумағында атқарып жатқан жұмыстарының барысымен және алдағы жоспарларымен бөлісті. Биыл Түркістан облысында кәсіпкерлік саласындағы өнімдерді одан ары арттырып, бәсекелестікті дамыту үшін 70 миллиард теңгенің инвестициясы тартылмақ, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі. 
Жас кәсіпкерлер құрылыс, логистика, фармацевтика салаларына инвестиция салуға ниетті. Сондай-ақ Түркістан қаласындағы өндірістік паркте орналасқан жиһаз шығаратын кәсіпорын бағытын кеңейтуді жоспарлауда. Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларын толық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша және мемлекет тарапынан қажетті қолдау жұмыстары атқарылатынын жеткізді.
«Қазіргі уақытта кәсіппен айналысуға мүмкіндіктер өте көп. Біз кәсіпкерлердің бизнес идеялары мен старт-ап жобаларын іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Ол үшін барлық мүмкіндіктер бар. Өңірдің өзіндік кірістерін көтеруге жұмыла еңбек етуіміз керек. Жаңа жұмыс орындарын ашу өте маңызды. Соңғы жылдары елімізден шетелге жұмыс істеу үшін барғандар саны артуда. Сондықтан бізге экономиканы дамыту бағыттарын өзгертіп, жұмысты күшейту маңызды. Жастарымыз өте еңбекқор. Оларға өз өңірімізде ашылған зауыт — фабрикаларда еңбек етуіне жағдай жасағанымыз дұрыс. Мақсатымыз – Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемін екі есе арттыру. Экономиканы диверсификациялап, жұмыс орындарын ашу, өзіндік кіріс көздерін ұлғайтуға күш саламыз», – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
2023 жылы облыс әкімінің бастамасымен Түркістан облысындағы кәсіпкерлерді Қытай Халық республикасына тәжірибие алмасу, жаңа технологияларды облысқа тарту мақсатында бірнеше рет іссапарлар ұйымдастырылды. Нәтижесінде облыс аумағында жаңадан фабрикалар салынып, шағын зауыттар саны артуда.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жас кәсіпкерлермен осындай кездесулердің алдағы уақытта жиі ұйымдастырылатынын және мемлекет тарапынан қолдау жұмыстарының көрсетілетін жеткізді.
Инвесторлар үшін Түркістан облысында бизнес климат жасалған. Облыс көлемінде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және 580 гектардан тұратын арнайы экономикалық аймақтар бар. Бұл аймақтарда 49 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 39 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жүзеге асыру сатысында.
Екіншіден, шағын өндірістік парк құрылысы жүзеге асырылуда. Өндірістік парк аумағында 42 өндірістік ғимараттар салынуда. Өндірістік парктің 1-кезеңі аяқталып, 14 ғимарат іске қосылды. Жалпы 30,7 млрд. теңгеге 10 жобаны іске қосу жоспарланып, 24,2 млрд. теңгеге 7 жоба іске қосылды. Олардың қатарында тоңазытқыш өндіретін «UBC Group», әскери шатыр және жиһаз өндіретін «Aqniet Holding», жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын «BNK Group» компаниялары бар. Өндірістік парктің 2 және 3 кезеңдері (28 ғимарат) бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, биыл тапсырылмақ. Бұл аймақтарда 70 млрд. теңгеден астам инвестиция сомасына өндіріс орындарын ашу жоспарланған.

Оқылып жатыр

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.