Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді
  • «Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды
  • Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
  • «Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды
  • «Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды
  • Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды
  • «Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды
  • Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » 42 ғимарат салынады: Дархан Сатыбалды өндірістік парктің жұмысын пысықтады

42 ғимарат салынады: Дархан Сатыбалды өндірістік парктің жұмысын пысықтады

4 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Облыс әкімінің қолдауымен инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Түркістан облысының Сауран ауданында «Өндірістік парк» құрылысы жүргізіліп жатыр. Өндірістік парк 30 гектар жерде орналасқан және жалпы көлемі 66 мың мың шаршы метрді құрайтын парк аумағында 42 ғимарат салу жоспарланған. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жалпы Өндірістік парктің құны 13 млрд. теңгені құрайды және оның құрылысы аяқталғанда 1 теңге бюджеттік қаржыға шамамен 7,5 теңге жеке инвестиция тартылуы күтілуде. Қосымша 70 гектар жер телімі анықталып, ұлғайту жоспарлануда. Маңызды жоба Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауымен жүзеге асуда. Өңір басшысы құрылыс барысын бақылап, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Өндірістік парктер аумағында әкімшілік ғимаратын салу да жоспарда бар. Ғимаратта парк қатысушылары өндірген өнімдерінің көрме залы ұйымдастырылатын болады.
Ауқымды құрылыс «Түркістан» әлеуметтік корпорациясы және жеке инвестор есебінен жүргізілуде. Маңызды жоба 3 кезеңмен жүзеге асырылылады. Бірінші кезеңде 10 ғимараттың құрылысы аяқталып, 23 мың шаршы метр қолданысқа берілді. Бір ғимараттың жалпы ауданы 1 584 шаршы метрді құрайды. Бүгінгі таңда 6 жоба іске асырылып 30,7 млрд. теңгеге инвестиция тартылған және 550 жаңа жұмыс орындары құрылуда.
Қазіргі уақытта Өндірістік алаңында жұмыс жасап жатқан бірқатар кәсіпкерлер бар. Елімізде алғаш ашылған су үнемдеу технологияларын енгізіп, жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын «BNK Group» ЖШС кәсіпорны осында орналасқан. Жалпы инвестиция құны 11,1 млрд.теңгені құрады. Түркістандық 100 тұрғын жаңа жұмысқа орналасты.
«Aqniet Holding» ЖШС (инвестиция құны 3,1 млрд.тг, 100 жаңа жұмыс орын) мектепке арналған жиһаздар мен медициналық жиһаздарын өндіретін кәсіпорны, украиналық «UBC Group» компаниясы (инвестиция құны 10 млрд.тг, 350 жаңа жұмыс орын) өнеркәсіптік тоңазытқыштарды өндіретін кәсіпорны парк аумағында өз жұмыстарын бастап жатыр. Бұдан бөлек, медициналық өнімдер, бөлме аралық есіктер және тағы басқа өнімдерді шығаратын кәсіпорындар да жұмысын бастауда.
«Ауқымды құрылыстың екінші кезеңінде осы жылы жалпы аумағы 25 мың шаршы метр болатын 12 ғимарат салу жоспарлануда. Аталған ғимараттарға инвесторлар іріктелініп алынды, құрылысы аяқталған соң 1000 жаңа жұмыс орны ашылады (инвестиция құны 32,3 млрд. тг). Ал үшінші кезеңде, 2025 жылы 14 ғимаратты іске қосу жоспарланып отыр. Кәсіпкерлер инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген, құрылысы дайын өндіріс орындарына қызығушылық танытатыны күмәнсіз», -деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өндірістік паркті құру мақсаты – әртүрлі көлемдегі өндірістік компанияларды тарту арқылы (оларға қажетті тиімді, инновациялық өндірістік қуаттар мен заманауи форматтағы қойма үй-жайлар) олардың өзара әрекеттесуі негізінде үйлесімді өндірістік орта құру. Бұл ретте, өндірістік парктерді құру шикізаттық емес секторды дамыта отырып, өндірістің инновациялық дамуына мүмкіндік береді.

Оқылып жатыр

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

«Еш ұялмастан келіп бүлдірді»: Амантай қажының басы тағы дауға ілікті

Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады

Соңғы жазбалар

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025

«Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды

19 Қыркүйек, 2025

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

19 Қыркүйек, 2025

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

19 Қыркүйек, 2025

«Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды

19 Қыркүйек, 2025

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

19 Қыркүйек, 2025

«Орыстілді ел деп ойлағаны қынжылтты»: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сұрақтарды орысша дайындаған

19 Қыркүйек, 2025

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.