Ресейде қазақстандық турист көз жұмды. РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 3 тамызда Дағыстанның Избербаш қаласында болған. Каспий теңізінде сапбордтар мен тюбинг соқтығысқан. 3 сапбордта 6 адам отырған.
Ресейлік мамандар сапбордтағы 4 адамды құтқарды. Тағы бір адам өз күшімен жағаға шықты. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар теңізге батып кеткен 47 жастағы қазақстандықтың денесін тапты.
Құтқару-іздестіру жұмыстары аяқталды. Айта кетейік, ер адам отбасымен Дағыстанға демалуға келген. Ол – Ингушетия тумасы, Алайда көп жылдан бері Қазақстанда тұрады.