Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (62-2-2, 39 КО) екі салмақ дәрежесінде абсолютті әлем чемпионы болған америкалық Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 КО) рингке шығатын болды, деп хабарлайды Todayinfo.
AS мәліметінше, кездесу 3 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді. Ал іс-шараның демеушісі – Riyadh Season мен Турки Әл аш-Шейх.
15 қыркүйекте Сауль Альварес өз жерлесі Эдгар Берланганы жеңген кезде, Теренс оны айқасқа шақырған. Кроуфорд соңғы рет 2024 жылдың тамызында рингке шығып, америкалық Исраил Мадримовті жеңді. Ол кезде WBA белбеуін иемденіп, үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.