Марқұм Шерзаттың туыстары Ғарыпбаев суицид жасады дегенге сенбей отыр. Олар денені көргендерін, тамағында буынған, асылған жіптің ізі жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Нұрғанаттың әкесі мәйітті бейіттің төменгі жағынан табылған дейді. Олар 30 жастағы жігіттің өзіне қол жұмсады деген ақпаратқа сенбейтіндерін білдірді. Талғардағы трагедия елді тағыда дүрліктірді.
«Шерзат» ісінде басты куәгер, нағашысы — Нұрқанат өліпті. Оның өз өзіне қол салуы — сенімсіз… Сұқбат бергенін көргенімде адековатный-тын.
Енді кім не деп айып артса да, ол жауап бере алмайды.
Бұл істе бір-екі бұзақы сотталып, қалғаны «тағылған айыпардың дәлелсіз болуына байланысты..» түрмеден шығады-ау», — деп жазды Торуыл Шоқан өзінің әлеуметтік парақшасына.
Марқұмның жаназасы ертең, яғни 10-желтоқсан күні сағат 14:00 де шығарылады. Марқұмның отбасын полиция толықтай қоршауға алған.