Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

«Бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы»: Тоқаев туризм саласын сынға алды

8 Қыркүйек, 2025

«Вагондардың сапасы сын көтермейді»: Тоқаев темір жол саласын сынға алды

8 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды
  • «Бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы»: Тоқаев туризм саласын сынға алды
  • «Вагондардың сапасы сын көтермейді»: Тоқаев темір жол саласын сынға алды
  • Тоқаев: Қазақстанға бір емес, бірнеше АЭС қажет
  • Президент 3 жыл ішінде Қазақстанды цифрлық елге айналдыруды тапсырды
  • Тоқаев активтерді қайтару комитетінің атауын өзгертуді тапсырды
  • Жолдау-2025: Қазақстанға тартылған инвестицияға Тоқаевтың көңілі толмайды
  • Тоқаев жолдауы — тікелей эфир
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 8 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Денсаулығында ақауы бар: Семейде жоғалып кеткен 7 жастағы бала таңға жуық орманнан табылды

Денсаулығында ақауы бар: Семейде жоғалып кеткен 7 жастағы бала таңға жуық орманнан табылды

22 Маусым, 2025 Оқиғалар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Семейде күндіз үйінен шығып кетіп, сол күйі қайта оралмаған 7 жастағы бала таңға жуық орманнан аман табылды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер органдары операцияға қатысқан әрбір азаматқа алғыс білдіріп, барлық күштердің ұйымшылдығы мен ынтымақтастығы шешуші рөл атқарғанын атап өтті.

Балаға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

«Полиция, құтқару қызметтері және бей-жай қарамаған тұрғындардың арқасында бала аман-есен табылды. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекетінің арқасында іздеу сәтті аяқталды. Жоғалған баланы Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Бекен Асыл мен Дархан Жұмағалиев тапты. Оның табандылығы мен кәсібилігінің арқасында іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды. Іздеуге атсалысқан әрбір азаматқа алғысымызды білдіреміз!» — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2018 жылы туған бала 21 маусымда кешкі сағат 18:15 шамасында Туристическая көшесіндегі үйінен шығып кеткен. Сол сәттен бастап оның қайда екені белгісіз болған.

Даму ерекшелігі бар (аутизм) баланы іздеуге 1000-нан астам адам жұмылдырылды. Абай облысы полиция департаментінің үндеуіне волонтерлер, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті тұрғындар белсенді түрде үн қосты. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлерімен бірге арнайы мақсаттағы ЖҚАЖ бөлімшесінің жауынгерлері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған.

Орман алқаптары, ашық дала мен іргелес аумақтар мұқият тексерілуде. Баланың қозғалысы мүмкін барлық бағыттарға полицияның қос-қостан жасақтары жіберілді. Патрульдік полиция батальонының күштері күшейтіліп, қызметтік иттер тартылды.

Полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі және еріктілер бір сәтке де тыным таппай, баланы іздеуді түн бойы жалғастырды. Таңғы сағаттарда жұмыстар қайта күшейтілді.

 

Оқылып жатыр

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

30%-ға қымбаттайды: Елімізде енді бір адам тәулігіне 140 литрден артық су пайдалана алмайды

Шымкенттегі басқарма басшысына қатысты ҰҚК түсініктеме берді

Соңғы жазбалар

«Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

«Бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы»: Тоқаев туризм саласын сынға алды

8 Қыркүйек, 2025

«Вагондардың сапасы сын көтермейді»: Тоқаев темір жол саласын сынға алды

8 Қыркүйек, 2025

Тоқаев: Қазақстанға бір емес, бірнеше АЭС қажет

8 Қыркүйек, 2025

Президент 3 жыл ішінде Қазақстанды цифрлық елге айналдыруды тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

Тоқаев активтерді қайтару комитетінің атауын өзгертуді тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

Жолдау-2025: Қазақстанға тартылған инвестицияға Тоқаевтың көңілі толмайды

8 Қыркүйек, 2025

Тоқаев жолдауы — тікелей эфир

8 Қыркүйек, 2025

Елімізде Жасанды интеллект министрлігі құрылады

8 Қыркүйек, 2025

«Бұл да бір сынақ шығар»: Министр Нұртілеу жұрт алдына шықты (ВИДЕО)

8 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.