Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Жұманғарин: Банктердің қазақстандықтардан карта арқылы пайда табу тетігін шектеу керек

24 Қыркүйек, 2025

Азат Перуашев бизнеске 2% бірыңғай салық енгізуді ұсынды

24 Қыркүйек, 2025

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

24 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жұманғарин: Банктердің қазақстандықтардан карта арқылы пайда табу тетігін шектеу керек
  • Азат Перуашев бизнеске 2% бірыңғай салық енгізуді ұсынды
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті
  • Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек зейнеткерді жіті инсульт пен мүгедектіктен сақтап қалды
  • Түркістан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» акциясы өтіп жатыр
  • Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр
  • Атырауда «Saraishyq Upgrade — 2025» халықаралық жастар форумы басталды
  • Алматылық ортопедтер иығы 13 рет шығып кеткен науқасқа күрделі ота жасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 24 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек зейнеткерді жіті инсульт пен мүгедектіктен сақтап қалды

24 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері 77 жастағы қарт адамды инсульттің ауыр салдарларынан аман алып қалды. Жедел жәрдем мен №7 ҚКА-ның дәрігерлерінің уақытылы шақырылуы мен үйлесімді іс-қимылдарының арқасында, ауруханаға ауыр халде түскен қарт адам, операциядан кейін бір тәулік ішінде қалпына келе бастады, деп хабарлайды Todayinfo. 

Пациентті Жедел жәрдем бригадасы сөйлеу қабілетінің бұзылуы, аяқ-қолдың әлсіздігі, беттің қисаюы, бәсең қозғалыс шағымдарымен шұғыл түрде жеткізді. Оның сол жағында терең гемипарез байқалды: сол қол мен сол аяқ жұмыс істемеді.

Зейнеткердің әйелі оның түнде қалыпты жағдайда ұйықтағанын, ал таңғы сағат 6:30 шамасында аяқ-қолдарының кенет әлсіздігінен кенеттен құлап қалғанын айтты. Әйел дереу қауіпті белгілерді байқап, «103»-ке хабарласқан.

Аурухананың қабылдау бөлімшесінде науқасты мультидисциплинарлық топ қарады: невропатолог, реаниматолог және тамырлы нейрохирург. Диагноз ишемиялық типтегі ми қан айналымының ауыр жіті бұзылуын растады.

Науқастың жағдайын созылмалы ишемиялық жүрек ауруы, кардиомиопатия және т.б. сияқты қосалқы аурулар қиындатты.

Өмір анамнезінен: қарт адам көп жылдар бойы артериялық гипертензиямен ауырған, артериялық қысымы жиі жоғары 180/90 дейін көтеріледі. «Д» есебінде тұрады, базалық терапияны тұрақты түрде сақтамаған. 2008 жылы қанайналымы арнасының үш тамырлық зақымдануына байланысты ота жасалды.

«Неврологиялық жағдай мен науқастың ауыр халін ескеріп, «терапиялық терезе» ішінде шұғыл эндоваскулярлық ота жасау туралы шешім қабылданды. Клиника нейрохирургтары ми тамырларының ангиографиясын және механикалық тромбэктомия жасады – бұл ми тамырларының қан айналымын қалпына келтірген тамырдан тромбты алып тастау», – деп хабарлады Алматы қаласы №7 ҚКА-ның №2 нейроинсульттік бөлімшесінің меңгерушісі Ғалымжан Кәрімов.

Хиругиялық араласудан кейін пациент одан әрі бақылау және асқынулардың алдын алу үшін жансақтау бөліміне ауыстырылды.
Операциядан кейінгі келесі күні зейнеткердің сол жақ денесінің қызметі толық қалпына келді. Оның жағдайы біртіндеп жақсарды.

«Пациенттің санасы ояу, белсенді түрде байланысқа шығады, уақыт пен кеңістікте бағдарланған. Сұрақтарға мән-жайына қарай жауап береді, тамақты өзі қабылдайды. Жүргізілген емнің аясында динамикасы оң, алдағы күндері оны шығаруға дайындап жатырмыз», — деп атап өтті емдеуші невролог-дәрігер Жазира Ағайдарова.

Жедел көрсетілген медициналық көмектің маңыздылығын айрықша атап өткен жөн.
Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдайларда уақтылы медициналық көмекке жүгіну шешуші фактор рол атқарады. Инсульт белгілері бар науқас деркезінде мамандандырылған бөлімшеге түссе, соғұрлым мүгедектікке ұшырамау мүмкіндігі жоғары болады, өмір сүру сапасын сақтап қалады.

Оқылып жатыр

Жұманғарин: Банктердің қазақстандықтардан карта арқылы пайда табу тетігін шектеу керек

Азат Перуашев бизнеске 2% бірыңғай салық енгізуді ұсынды

Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр

Алматылық ортопедтер иығы 13 рет шығып кеткен науқасқа күрделі ота жасады

«Қазақтың жігіттері мықты болса қыздар көшеде жүрмес еді»: Бекболат Тілеухан жігіттер туралы ащы шындықты айтты

Атырауда ер адам балалар алаңында 9 жасар баланы аяусыз ұрып-cоққан

Соңғы жазбалар

Жұманғарин: Банктердің қазақстандықтардан карта арқылы пайда табу тетігін шектеу керек

24 Қыркүйек, 2025

Азат Перуашев бизнеске 2% бірыңғай салық енгізуді ұсынды

24 Қыркүйек, 2025

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

24 Қыркүйек, 2025

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек зейнеткерді жіті инсульт пен мүгедектіктен сақтап қалды

24 Қыркүйек, 2025

Түркістан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» акциясы өтіп жатыр

24 Қыркүйек, 2025

Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр

24 Қыркүйек, 2025

Атырауда «Saraishyq Upgrade — 2025» халықаралық жастар форумы басталды

24 Қыркүйек, 2025

Алматылық ортопедтер иығы 13 рет шығып кеткен науқасқа күрделі ота жасады

24 Қыркүйек, 2025

«Қазақтың жігіттері мықты болса қыздар көшеде жүрмес еді»: Бекболат Тілеухан жігіттер туралы ащы шындықты айтты

24 Қыркүйек, 2025

Атырауда ер адам балалар алаңында 9 жасар баланы аяусыз ұрып-cоққан

24 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.