Дерматомикоздар – кеңінен таралған терінің саңырауқұлақ аурулары, соңғы уақытта бұл инфекцияның халықтың көбісіне таралуы жоғары болып отыр.
Биыл Жетісу облысында дерматомикоздың 664 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны 489 (73,6%). Былтырғы жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,6% төмендеген.
Дерматомикозды дерматофиттер деп аталатын әртүрлі саңырауқұлақтар тудырады. Ол жұқтырған адаммен немесе жануармен (иттермен, мысықтармен, гвиней шошқаларымен, ірі қара малмен) тікелей байланыста немесе қоршаған ортаның әртүрлі объектілерімен, ластанған дерматофиттермен байланыста болған кезде таралады.
«Дерматомикоз терінің тегіс бетіне, дененің түкті бөлігіне таралуы мүмкін, сонымен қатар ішек пен тырнақ саңырауқұлақтарын кездестіруге болады. Саңырауқұлақ ауруының локализациясына қарамастан, зақымдану ошақтары шамамен бірдей көрінеді және келесі ерекшеліктермен сипатталады: қызыл шеңбер, терінің қышуы және қабыршықтануы», — деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.
Әлсіреген иммундық жүйе, дұрыс тамақтанбау, зат алмасудың бұзылуы (қант диабеті), функционалдық бұзылулар мен ағзаның жай-күйі, витамин тапшылығы, шамадан тыс жұмыс, стресс, антибиотиктерді, микробқа қарсы препараттарды бақылаусыз қолдану дерматомикоздардың дамуына ықпал етеді.
Саңырауқұлақтар ылғалды және жылы ортаны жақсы көреді, әсіресе сауналар мен бу бөлмелеріндегі боялмаған ағаш беттері қолайлы орын болып саналады. Сондықтан мұндай мекемелерге тек резеңке аяқ киіммен, сүлгімен немесе жаймамен бару керек. Маникюр және педикюр салондарында сақ болыңыз: қолданылатын құралдары зарарсыздандырылған, пакеттері сіздің көзіңізше ашылу керек.
«Ешқашан аяқ киім дүкенінде жалаң аяққа киюге болмайды және киім киетін бөлмесіндегі төсеніштерге жалаң аяқ тұрмаңыз. Аяқ киімді киіп көрген кезде шұлық қолданыңыз. Қонақта басқа адамдардың тәпішкелерін пайдаланбаңыз.
Дүкенде киім киіп көрген соң, үйде душ қабылдауды ұмытпаңыз. Әсіресе ыстық күндерде терлеудің жоғарылауына байланысты споралармен зақымдалған тері қабыршақтары киімге, одан теріге көшеді», — дейді Жетісу облысының бас санитариялық дәрігері Асхат Сәкенұлы.
Ауырып қалмас үшін өзіңізді қалай қорғауға болады?
- Есіңізде болсын, басқа адамдардың заттарын пайдалану саңырауқұлақтың ауру адамнан сау адамға ауысуына әкеледі.
- Аяқ киімді таза ұстауға тырысыңыз. Жылы мезгілде ашық, жақсы желдетілетін аяқ киім киген жөн.
- Қоғамдық моншаларда, сауналарда, бассейндерде жалпы заттарды пайдаланбаңыз.
- Табиғи матадан жасалған киімді таңдаңыз.
- Денсаулықты қадағалаңыз және иммунитетті күшейтіңіз.