Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • «Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің ізгі ниет елшісі атанды

21 февраля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жиын дінаралық диалогты нығайтуға және бейбітшілік пен келісім мәдениетін жаһандық деңгейде ілгерілетуге бағытталған. Осы мақсатта былтыр белгілі қоғам және дін қайраткерлері Съездің Ізгі ниет елшілері ретінде сайланған болатын, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.

Олардың қатарында әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де бар. Осыған байланысты Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев әншімен арнайы кездесіп, оған Ізгі ниет елшісі белгісін ресми түрде табыс етті.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Димаш Құдайберген қазақтың ұлттық мәдениетін халықаралық аренада насихаттап қана қоймай, өнері арқылы бейбітшілік пен ізгілік идеяларын жаһандық деңгейде таратуға үлкен үлес қосып келеді.

«Бұл маңызды миссия Съездің құндылықтарымен де үндесетіні белгілі. Димаштың өнері – бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған күшті құралдардың бірі», – деді Сенат Төрағасы.

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дінаралық және өркениетаралық диалогты нығайту жөніндегі бастамалары талқыланды. Сондай-ақ, Съезге және Жас діни лидерлер форумына дайындық барысы сөз болды.

«Димаш алдағы уақытта өнері мен креативті жобалары арқылы бірлік пен келісімді халықаралық деңгейде насихаттауды жалғастырады деп сенеміз. Талантты бауырымызға шығармашылық табыс және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

 

Ізгі ниет елшісі Бейбітшілік дінаралық диалог димаш құдайберген келісім Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі

Оқылып жатыр

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

Соңғы жазбалар

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.