Димаш Құдайберген «Virtuosos» жобасының 10-мерейтойлық маусымына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысу үшін Венгрияның Будапешт қаласына барған, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
Үлкен аудиторияға арналған классикалық музыка әлемі, жас таланттардың ерекше байқауы көрермендерге ұмытылмас сезім сыйлайды. Бағдарламаға Венгрия, Австрия, Словения, Сербия және Черногориядан келген төрт жас талантты музыкант қатысады.
Жартылай финалда әр елдің қатысушылары бір-бірімен жұп-жұп болып сайысқа түседі. Содан кейін финалда әр елден бес өнерпаз бір-бірімен кездеседі.
Сайыстың ең жоғары деңгейі әлемге әйгілі музыка саласы мамандарының жоғары қазылар алқасының құрамы арқылы расталады. Олар әділ бағаларын беру үшін әншінің орындау шеберлігін ғана емес, сонымен қатар қатысушының сахнадағы іс-әрекетін, оның көрермендерге эмоционалды әсерін де ескереді.
Қазақстандық музыкант Димаш Құдайберген «Virtuosos» жобасына екінші рет қатысады. Өткен жылы ол алғаш рет осы байқаудың қазылар алқасы құрамында болған болатын.
Былтырғы жобаның финалында Димаш ХХ ғасырдың ең ұлы дауысы маэстро Пласидо Домингомен дуэт жасады. Екеуі Жорж Бизенің «Інжу жинаушылар» операсындағы Надир мен Зурганың «Au Fond du Temple Saint» дуэтін орындады.