Әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген әлеуметтік желі парақшасында жаңа фотосессиясын жариялап, онда қазақтың тазы итін серік еткен образымен көпшіліктің көңілінен шықты, деп хабарлайды Todayinfo.
Фотосуреттерде ұлттық рең мен заманауи стиль үйлесім тауып, Димаштың бейнесіне айрықша көркемдік пен мағына үстеген.
Фотосессияда пайдаланылған тазы бейнесі – қазақ халқының еркіндік пен серілік дәстүрінің символы. Бұл тарихи-мәдени құндылық Димаштың сыртқы келбетін ғана емес, оның рухани болмысын да айқындай түскендей әсер қалдырды.
Әншінің жазбасына мыңдаған пікір қалдырған тыңдармандар мен жанкүйерлер оның талғамы мен шығармашылық шеберлігіне тәнті болып, жылы лебіздерін білдіруде:
«Әдемі деген сөз аздық етеді. Керемет!»,
«Соңғы апталарда жазбаларыңмен қуантып жүрсің»,
«Ғажап. Есімнен танып қала жаздадым»,
«Талант, харизма, ішкі рухани күш – бәрі бірігіп жалындап тұр»,
«Мына сұлулықты көріп, есімнен айырылып қалдым»,
«Не деген сұлулық десеңші!».
Димаштың бұл фотосессиясы тек эстетикалық жағынан ғана емес, ұлттық мәдениетті дәріптеу тұрғысынан да жоғары бағаланды.