2024 жылдың 14 сәуірінде Черногорияда Қазақстан азаматы, «НеМолчи.kz» қорының басшысы Динара Смайылова (қоғамда кең танымал аты — Дина Таңсәрі) ұсталған болатын,деп хабарлайды Todayinfo
Ол белгісіз тұлғалармен бірлесіп, сенімге кіріп, қазақстандық азаматтардың қаржысын иемденді деген күдікке ілінді.
Қазіргі таңда Динара Смайыловаға қатысты:
- Алматы қаласы,
- Шығыс Қазақстан облысы,
- Алматы облысының
Полиция департаменттері алты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Олардың ішінде: - Жалған ақпарат тарату (жәбірленуші тараптың рұқсатынсыз),
- Жеке өмірге қолсұғу,
- Алаяқтықтың екі дерегі бар.
ШҚО полициясының тергеу материалдарына сәйкес, 2023 жылдың сәуірінде Смайылова Усть-Каменогорскіде кәмелетке толмаған қыздың суицид жасағаны туралы жалған ақпарат жариялаған. Кейін желіде марқұмға көңіл айту посттары жарияланып, адвокат жалдау үшін қайырымдылық есебінен 20 млн теңгеден астам қаржы жиналған. Алайда:
- Қыз тірі болған,
- Қылмыстық іс хулигандық фактісімен сотқа жолданған,
- Адвокат қызметі жәбірленуші тараптың қаражатына төленгені белгілі болған.
Алматы облысы полициясы Дина Таңсәріге қатысты тағы бір алаяқтық фактісі бойынша іс қозғады. Ол бір отбасыда жасөспірімге жасалған зорлық оқиғасы туралы жалған пост жариялап, жұрттан жолдасының Kaspi картасына ақша аударуды сұраған.
Тексеру нәтижесінде зорлық оқиғасы расталмады,
Бірақ банк деректері бойынша бірнеше миллион теңге жиналғаны анықталды.
Банк жазбаларына сәйкес, қайырымдылыққа жиналған қаражат «НеМолчи» қорының шотына емес, Дина Таңсәрінің жұбайының жеке картасына түскен. Бұл – «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заң талаптарын бұзу.
Одан бөлек, бұл қаражаттың белгілі бір бөлігі Дина Таңсәрінің жеке қажетіне, шетелде жүргенде жұмсалғаны анықталды.
Тергеу мәліметінше, Смайылова Instagram желісіндегі «nemolchikz_official» парақшасы арқылы жүйелі түрде жалған ақпараттар жариялап, материалдық көмек сұраған.
Қазіргі таңда жеті азамат полицияға арыз жазып, өздерінен алаяқтық жолмен ақша жымқырылғанын мәлімдеді.
Смайыловаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша — аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша іс қозғалды.
Тергеу сотының санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленіп, халықаралық іздеу жарияланды.
INTERPOL желісі арқылы Динара Смайылованың Черногорияда жүргені анықталған соң, Қазақстанның Бас прокуратурасы оны экстрадициялау туралы сұраныс жолдаған. Алайда:
Қазақстан мен Черногория арасында экстрадиция туралы келісім жоқ,
Осыған байланысты Черногория тарапы тапсырудан бас тартты.
Қазіргі таңда Смайыловаға қатысты тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.