Танымал қазақстандық әнші Динара Қырықбаева соңғы уақытта дене бітіміндегі айтарлықтай өзгерістерімен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Todayinfo.
«Өзімді керемет сезінемін» – Динара Қырықбаева
Әншінің айтуынша, ота бір ай бұрын жасалған және ол қазіргі күйіне көңілі толатынын жеткізді.
«Бір ай бұрын ота жасаттым. Өзімді керемет сезініп тұрмын. Дәрігерге сенім артқанда оң нәтиже болмақ. Дейін-кейін деген фотомды жақында көрсетемін», – деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Абдоминопластика мен липосакция – денедегі артық майдан арылудың хирургиялық жолы
Динара Қырықбаева денесіндегі артық май мен ісікті кетіру мақсатында абдоминопластика және липосакция жасатқанын жасырмады. Бұл әдіс – дене пішінін қалыпқа келтірудің кең таралған түрі. Үш баланың анасы бұл қадамға ұзақ ойланып барып барғанын айтты. Оның айтуынша, пластикалық отаға жүгіну арқылы өз-өзіне деген сенімі артып, өмірге деген көзқарасы өзгерген.
Желі қолданушылары қолдау білдіруде
Әншінің бұл шешімі желі қолданушылары тарапынан қолдау тауып жатыр. Олар Динара Қырықбаеваның әрдайым жас әрі тартымды көрінетінін айтып, жылы лебіздерін білдіруде.