Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді

18 Қыркүйек, 2025

Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

18 Қыркүйек, 2025

Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды

18 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді
  • Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
  • Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды
  • «Отанын қорғауға кетіп еді…»: Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаздың мәйіті табылды
  • Маңғыстаудағы масқара жағдай: Есірткі қылмысына қатысты күдікпен екі әкім орынбасары ұсталды
  • Ташиевтің тоқпағы: Қырғызстанда президентті сынаған басылымның журналистері сотталды
  • Ақ үйдің шұғыл мәлімдемесі: жолаушылар лайнерімен соғыса жаздаған Дональд Трамп ұшағы апатты жағдайда қонды
  • «Міңгірлеген мардымсыз жауап»: Сұхбатқа келіп тұрып, нақты жұмыстарын көрсете алмаған Бас мүфти тағы сынға қалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 18 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

18 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды. Бұл – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайту мақсатымен қолға алынған бірегей бастама. Салтанатты іс-шараға VIII Съезд делегаттарымен бірге Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев қатысты, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Хатшылық басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіре келіп, Бейбітшілік және келісім саябағының негізін 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысушылар қалағанын айтты. Аталған іс-шараға Рим Папасы Франциск, Әл-Азһардың Жоғарғы имамы шейх Ахмед ат-Тайеб қатысқан болатын. Осы аралықта саябақ Қазақстандағы түрлі конфессиялар арасындағы достық пен бірліктің жарқын үлгісіне айналды.

«Съезге қатысушылардың ізгі бастамасының нәтижесінде Есіл өзенінің жағалауында жаңа саябақ бой көтерді. Бұл – бірліктің, өзара сенімнің және бейбітшілік пен келісімнің жарқын символы. Барлық халықтың дәстүрінде тал өміршеңдікті, өсуді және өркендеуді білдіреді. Сондықтан бұл саябақты сенім мен этносқа қарамастан кемел келешекке ортақ ұмтылысымыздың белгісі деп қабылдаймыз. Қазақстан астанасының ортасында орналасқан Бейбітшілік және келісім саябағы діндер мен мәдениеттер арасындағы рухани көпір болады деп сенеміз. Мұндай қадам қазіргідей күрделі кезеңде айрықша маңызға ие», – деп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының басшысы саябақтың ашылуына өз үлесін қосқан барлық қатысушы мен ниеттестерге алғыс білдірді.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Қазақстан түрлі ұлт, мәдениет және дін өкілдері бейбіт қатар өмір сүріп жатқан бірегей ел екенін атап өтті. Бұл этносына және дініне қарамастан баршаға ашықтық, сенім, төзімділік, құрмет сияқты құндылықтардың нақты көрінісі екені анық. Бейбітшілік пен келісім саябағының дәл ортасындағы «Өмір ағашы» монументі де осы рухани ұстанымды бейнелейді. Үш жыл бұрын мұнда делегаттар 60-тан астам тал отырғызған еді. Монументтің ортасына күмбез үлгісінде емен ағашы отырғызылып, субұрқақ орнатылғанын да атап өткен жөн.

Жоба авторларының айтуынша, су мен тамыры тарих тереңіне бойлаған өмір ағашы Жердегі мәңгілік тіршілікті және оның құндылығын дәріптейді. Сол арқылы аталған инсталляция, сенімі мен нанымына қарамастан, планетадағы барлық адамды келісімге, бейбітшілік пен достыққа шақырады. Күмбез бір аспан астындағы бейбітшілікті, ал, 4 жағындағы кіреберіс дүниенің төрт бұрышы: Оңтүстік, Солтүстік, Батыс және Шығысты білдіреді. Күмбездің қабырғаларында дүниенің жаратылысы, Қазақстан үшін тарихи маңызы бар оқиғалар және ежелгі суреттер – петроглифтер бейнеленген.

Саябақтың ашылуына қатысқан VIII Съезд делегаттары «Бала бояуындағы әлем» атты сурет көрмесін тамашалады. Онда республикалық жас суретшілер байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қылқаламынан туған үздік 20 картина қойылған көпшілік назарына ұсынылған. Аталған экспозициялар жас буынның шығармашылығымен танысуға мүмкіндік беріп, жарқын және үйлесімді болашаққа деген сенімді нығайтуға өз үлесін қоспақ.

Астана Мәулен Әшімбаев саябақ Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі

Оқылып жатыр

«Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді

Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды

«Отанын қорғауға кетіп еді…»: Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаздың мәйіті табылды

Маңғыстаудағы масқара жағдай: Есірткі қылмысына қатысты күдікпен екі әкім орынбасары ұсталды

Ақ үйдің шұғыл мәлімдемесі: жолаушылар лайнерімен соғыса жаздаған Дональд Трамп ұшағы апатты жағдайда қонды

«Міңгірлеген мардымсыз жауап»: Сұхбатқа келіп тұрып, нақты жұмыстарын көрсете алмаған Бас мүфти тағы сынға қалды

Соңғы жазбалар

«Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді

18 Қыркүйек, 2025

Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

18 Қыркүйек, 2025

Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды

18 Қыркүйек, 2025

«Отанын қорғауға кетіп еді…»: Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаздың мәйіті табылды

18 Қыркүйек, 2025

Маңғыстаудағы масқара жағдай: Есірткі қылмысына қатысты күдікпен екі әкім орынбасары ұсталды

18 Қыркүйек, 2025

Ташиевтің тоқпағы: Қырғызстанда президентті сынаған басылымның журналистері сотталды

18 Қыркүйек, 2025

Ақ үйдің шұғыл мәлімдемесі: жолаушылар лайнерімен соғыса жаздаған Дональд Трамп ұшағы апатты жағдайда қонды

18 Қыркүйек, 2025

«Міңгірлеген мардымсыз жауап»: Сұхбатқа келіп тұрып, нақты жұмыстарын көрсете алмаған Бас мүфти тағы сынға қалды

18 Қыркүйек, 2025

«Қазақстанда қазақ жоқ екен»: Алматыға жолдастарын іздеп келген монғол жігіті ренішін қазақы қалжыңмен жеткізді

18 Қыркүйек, 2025

Астанада мейрамханадан өрт шығып, 8 пәтер жанып кетті

18 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.