Фото: видеоскрин
Танымал әзілкеш Қанат Әлжапбаров асабалық еткен тойда ағылшын тілінің мұғалімі абдырап қалды, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
Ойында жеңген қыз ортаға шығып, өзін таныстырады.
«Мектепте мұғаліммін. Ағылшын тілінен сабақ беремін», — дейді ол.
Оны естіген Қанат Әлжапбаров тілекті ағылшынша айтуын сұрайды. Алайда Балғын есімді мұғалім тілекті ағылшынша айтпай, абдырайды. Кейін асаба «дипломды сатып алғам, білмеймін» дейді деп әзілдеді. Видеоға пікір жазғандар ағылшын тілін жақсы білсе, кем дегенде 1-2 сөйлем айтар еді деп отыр.
«Шынымен сатып алған ғой, үш сөйлемді айта алмай тұрса. Осындай мұғалімдер көбейген. Екі ауыз болса да, айтуы керек еді. Қанаттың ойлап таппайтыны жоқ», — деп жазған олар.
Кейін видеода болған мұғалім бұл қысқартылған видео екенін жеткізген. Толық видеода ол тілекті ағылшынша айтқан екен.