Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Әйел құқығы: діни құндылықтар мен заманауи гендерлік теңдік арасындағы қатынас

22 Қазан, 2025

Қазақстандағы азаматтық қоғамның жаңа кезеңі: 104 грант бөлініп, 27 мың игі іс жасалды

22 Қазан, 2025

Жетісуда аккумулятор батареяларының жаңа түрі өндіріле бастады

22 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Әйел құқығы: діни құндылықтар мен заманауи гендерлік теңдік арасындағы қатынас
  • Қазақстандағы азаматтық қоғамның жаңа кезеңі: 104 грант бөлініп, 27 мың игі іс жасалды
  • Жетісуда аккумулятор батареяларының жаңа түрі өндіріле бастады
  • «Есі ауысқан ба?»: Боксшы Биволдың экс-әйелі қазақтар мен қырғыздарды қорлайтын сөздер айтқан
  • «Таза өңір – жарқын болашақ»: ақмолалық жастар экологиялық бастаманы қолдады
  • «Бұл өте маңызды мәлімдеме»: Пашинян Тоқаевқа алғыс айтты
  • «Бөтен тілді қоя тұр»: Санжар Керімбай бала 13 жасқа толғанша қазақша өсірген дұрыс екенін айтты
  • Президент кортежі кесірінен жүкті әйел ауруханаға жете алмай қаза тапты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 23 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Директор мектепті сырлатқан»: Алматы облысында оқушылар бояудан уланып қалды (Видео)

16 апреля, 2024 Басты тақырып
Screenshot
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысында мектеп оқушылары жаппай уланып қалды. Төтенше оқиға Талғар ауданының Жалғамыс ауылындағы №15 мектепте болған, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. 

Мектепке бірден бірнеше жедел жәрдем көлігі келген. Жаңадан тағайындалған мектеп директоры Гүлназ Алиғожаева қызметкерлерге оқу жылы аяқталмаса да кабинеттерді сырлатқан. Бояу сасыған, сыры кеппеген мектепте мұғалімдер сабақ өткізген. Салдарынан оқушылардың басы айналып, ата-аналарына шағым жасаған. Ауыл тұрғындарының сөзінше бірнеше оқушы уланып қалған.

«Балам 7 сыныпта оқиды. Міне әлсіз, жүруге жарамайды. Есінен танып құлаған. Жағдайы нашар. Мектептің барлық терезелерін ашып тастаған, бояудың иісі көшеге дейін шығып тұр. Баламды жедел жәрдем облыстық ауруханаға алып кетті. Ішін шайғызып, система салды. Түскі сағат екі кезінде уланған. Ішкі құрылыстарын шайғыздым, міне түн болды», — деді Талғар ауданы Қайнар ауылдық округі Жалғамыс ауылының тұрғыны Гүлнұр Шабданова.

Аудан орталығынан жедел жәдем көлігі жеткенше ауылдық амбулаторияның дәрігері мен мейірбикелері кешке дейін балаларға көмек көрсеткен. Ал үйлеріне қайтқан оқушылар бастары айналып, жүректері айнығандарын айтып шағымданған.

«Облыстық балалар ауруханасына 2010 жылы туған бір оқушыны әкелген. Қалған оқушыларды Талғар аудандық ауруханасы қараған. Қанша жедел жәрдем шақырылды, қанша оқушы уланды, оны анықтап жатырмыз», — деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ләйлім Әубәкірова.

Мектепте аяғы ауыр мұғалімдер де болған. Қызметкерлердің сөзінше, жаңадан келген директор сыныпты жөндеуге ақша жинатқызған.

«Тағайындалғанына бір апта ғана болған директор кабинетін жаңалатып, жаңартқан. Оны қайдан келген ақшаға жаңартты? Оны директордың өзіне де айттым. Атын айтпайын, ауылдың мұғалімдері директордың ақша жинатқанын айтып шағымданды. Әлде мемлекеттен ремонтқа ақша бөлініп қойған ба? Директордың қылығына көнбеген мұғалімдер, қызметкерлер жұмыстан шығып кеткен», — деді Шабданова.

Мектепке полиция да келген. Елді жаппай дүрліктірген оқыс оқиғаның орын алуына себепкер болған директор бұрын да осы мектепте басшы болған. Арада бірнешее жыл өткенде қайта тағайындалды.

«Қызымның басы ауырып келді. Неменеге олай жасайды? Сол директор болмағанда да мектеп құлап қалған жоқ, келе сала неге бықсытып жатыр? Оқу жылы аяқталып қалды, неге демалыста боятпайды», — деді ашулы ауыл тұрғындары.

«Бірінші және мектеп алды даярлық сыныптарына сабақ болмады бірнеше күн. Мектепке келмесін оқушылар, ремонт жүріп жатыр деген. Яғни, оқу процесі бұзылды, мемлекеттің бекіткен жоспарын директор бұзды. Қызымды жібермедім мектепке, енді бүгін мына жағдайды естіп баламның сабаққа бармағанына қуанып тұрмын. Уланған көп оқушыларды ауылдық амбулаторияның қызметкерлері аман алып қалды», — деді тағы бір ата-ана.

Оқылып жатыр

Екібастұз ЖЭС-3 құрылысы: Тендерді Қытай миллиардерінің компаниясы жеңіп алды

Кенесары Ресей патшасының езгісін, әділетсіздікті терең түсінді — Бауыржан Момышұлы

Big data Қазақстанның үшінші президентін анықтауы мүмкін бе?

«Дрондар шабуыл жасаған»: Қарашығанақ кенінде катастрофалық жағдай орын алды

«Ажал іздеген ауғандар»: Әуе шабуылынан 70 адам ажал құшты

Семейде алғаш рет қала әкімі тікелей сайланды: Әділетті Қазақстан жолындағы маңызды қадам

Соңғы жазбалар

Әйел құқығы: діни құндылықтар мен заманауи гендерлік теңдік арасындағы қатынас

22 Қазан, 2025

Қазақстандағы азаматтық қоғамның жаңа кезеңі: 104 грант бөлініп, 27 мың игі іс жасалды

22 Қазан, 2025

Жетісуда аккумулятор батареяларының жаңа түрі өндіріле бастады

22 Қазан, 2025

«Есі ауысқан ба?»: Боксшы Биволдың экс-әйелі қазақтар мен қырғыздарды қорлайтын сөздер айтқан

22 Қазан, 2025

«Таза өңір – жарқын болашақ»: ақмолалық жастар экологиялық бастаманы қолдады

22 Қазан, 2025

«Бұл өте маңызды мәлімдеме»: Пашинян Тоқаевқа алғыс айтты

22 Қазан, 2025

«Бөтен тілді қоя тұр»: Санжар Керімбай бала 13 жасқа толғанша қазақша өсірген дұрыс екенін айтты

22 Қазан, 2025

Президент кортежі кесірінен жүкті әйел ауруханаға жете алмай қаза тапты

22 Қазан, 2025

Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған II Шахмат олимпиадасы жалғасуда: екінші турдың қорытындылары

22 Қазан, 2025

«Мұны қалайша қылмыс деуге болады?»: Атырау тұрғыны «жалған стоматологиялар» ісі бойынша президентке үндеу жасады

22 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.