Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Оқушылар сарайы мен Алматы музейінің жұмысымен танысты

28 Қараша, 2025

«Мен тірімін — айыбым сол ғана»: Сарбаз өліміне күдікті командир сотта өз шындығын айтты

28 Қараша, 2025

«Бакиевті сендерге ешқашан бермеймін»: Лукашенко Бішкекте Қырғызстанның экс-президенті жайлы айтып, қырғыздардың намысына тиді

28 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Оқушылар сарайы мен Алматы музейінің жұмысымен танысты
  • «Мен тірімін — айыбым сол ғана»: Сарбаз өліміне күдікті командир сотта өз шындығын айтты
  • «Бакиевті сендерге ешқашан бермеймін»: Лукашенко Бішкекте Қырғызстанның экс-президенті жайлы айтып, қырғыздардың намысына тиді
  • «Мен антиваксер емеспін»: Дидар Смағұлов неге Sanofi вакцинасына қарсы екенін нақты дәлелдермен түсіндірді
  • Алматыдағы комьюнити орталықтарға жарты миллионнан астам жас келген
  • «Таза Қазақстан»: Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
  • «Көпшіліктің көзінше бөксемнен ұрды»: Астанадағы фитнес-клубтың жаттықтырушысы әріптесінің әрекетіне шағымданды
  • Ұлытауда зымыран сынығы құлады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 28 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Диверсанттық арандату тоқтамайды»: Польшаны 80 жыл бұрын басып алған Ресей Варшавамен тағы жауласпақ

«Диверсанттық арандату тоқтамайды»: Польшаны 80 жыл бұрын басып алған Ресей Варшавамен тағы жауласпақ

25 Қараша, 2025 Әлем
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: © РИА Новости / Алексей Витвицкий

Әскери сарапшы Ермек Сейітбатталов Ресей мен Польшаның арасында тікелей соғыс қаупі жоқ екенін айтты. Оның пікірінше, Варшаваның 10 мың адамды жұмылдыру туралы шешімі – ең алдымен елдің өзін қауіпсіздік тұрғысынан дайындау қадамы, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшының айтуынша, Польша Украинадағы жағдайды жіті бақылап отыр. Өйткені екі елдің шекарасына жақын аймақтар бар, ал Украинаға баратын әскери және гуманитарлық көмектің негізгі бөлігі дәл Польшаның аумағы арқылы өтеді.

Сейітбатталов теміржол инфрақұрылымында болып жатқан түрлі оқиғаларға қатысты Премьер-министр Дональд Туск көтерген мәселеде шындық бар екенін жоққа шығармайды.

«Ресейдің барлаушылары немесе олардың агенттері Польшадағы теміржол қызметкерлерін ақша немесе басқа да тетіктер арқылы өз жағына тартуға тырысып жатыр деген ойдамын. Бұл Польшаға тікелей зиян келтіру үшін емес, Украинаға жеткізіліп жатқан көмектің жолын әлсірету мақсатында жасалуда», – дейді сарапшы.

Польшаның Украинаға жақын аймақтарында қоймалар мен логистикалық орталықтар орналасқан. Көмек теңіз порттарынан бастап, авиация және теміржол бағыттары арқылы жеткізіледі. Украинада жемқорлық тәуекелдері бар болғандықтан, бұл процестерді Польша тарапы мұқият қадағалап отырады.

Сарапшының пікірінше, Ресейдің басты мақсаты – Еуропаның Украинаға қолдауын азайту. Осылайша майданда тактикалық басымдық алуға тырысады.

Сейітбатталов Дональд Трамптың соңғы позициясы да жағдайға әсер ететінін атап өтті.

«Трамп бұрын Украинаға ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандар беру мәселесіне келісім берген еді. Қазір оның бейбітшілік жоспарының 28 тармағын қайта қарауы ықтимал. Егер бұл өзгерістер жүзеге асса, Ресейдің Польшаға қатысты қысымы да бәсеңдеуі мүмкін», – дейді ол.

Дегенмен, сарапшы Ресей тарапынан диверсиялық әрекеттер мен түрлі провокациялар жалғаса беруі мүмкін екенін айтады. Бірақ олардың ешқайсысы кең ауқымды соғысқа ұласуы екіталай.

«Ресей НАТО-ға да, Балтық елдеріне де тікелей шабуыл жасамайды. Өйткені болашақ бейбіт келісімдерде бұл факторлар ескеріледі. Қазір Ресейдің жасап жатқан әрекеттерінің көбі – блеф. Бір жылдан, ары кетсе бір жарым жылдан кейін олардың әскери және экономикалық ресурстары әлсірей бастайды. Қазірдің өзінде Ресейдің шынайы жағдайы анық көрініп тұр», – деді Сейітбатталов.

Оқылып жатыр

«Бакиевті сендерге ешқашан бермеймін»: Лукашенко Бішкекте Қырғызстанның экс-президенті жайлы айтып, қырғыздардың намысына тиді

Солтүстік Корея мектептерінде енді орыс тілі міндетті тіл ретінде оқытылады

Украина Трамптың бейбітшілік жоспарына келісім берді

Ресми: Трамптың өкілдері Мәскеу мен Киевке шұғыл аттанды

Зеленский Трамптың айыптауларына жауап берді

Америка Құрама Штаттарының исламдануы

Соңғы жазбалар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Оқушылар сарайы мен Алматы музейінің жұмысымен танысты

28 Қараша, 2025

«Мен тірімін — айыбым сол ғана»: Сарбаз өліміне күдікті командир сотта өз шындығын айтты

28 Қараша, 2025

«Бакиевті сендерге ешқашан бермеймін»: Лукашенко Бішкекте Қырғызстанның экс-президенті жайлы айтып, қырғыздардың намысына тиді

28 Қараша, 2025

«Мен антиваксер емеспін»: Дидар Смағұлов неге Sanofi вакцинасына қарсы екенін нақты дәлелдермен түсіндірді

28 Қараша, 2025

Алматыдағы комьюнити орталықтарға жарты миллионнан астам жас келген

28 Қараша, 2025

«Таза Қазақстан»: Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды

28 Қараша, 2025

«Көпшіліктің көзінше бөксемнен ұрды»: Астанадағы фитнес-клубтың жаттықтырушысы әріптесінің әрекетіне шағымданды

28 Қараша, 2025

Ұлытауда зымыран сынығы құлады

28 Қараша, 2025

Ұлытау облысында далалық аймақтан зымыран қалдықтары табылды

28 Қараша, 2025

«Бала-шағаны майып қылады»: Ақтауда әкімдік сапасыз үйді қабылдап алған

28 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.