Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері Юрий Аравин өмірден озды

20 Қазан, 2025

Парижде бүкіл әлемге әйгілі Лувр мұражайын 7 минутта тонап кетті

20 Қазан, 2025

«Ештеңе бітіріп жатқан жоқсыңдар, бәріңдікі құр сөз!»: Маңғыстаулық ақсақал Нұрдәулет Қилыбайды орнына қойды

20 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері Юрий Аравин өмірден озды
  • Парижде бүкіл әлемге әйгілі Лувр мұражайын 7 минутта тонап кетті
  • «Ештеңе бітіріп жатқан жоқсыңдар, бәріңдікі құр сөз!»: Маңғыстаулық ақсақал Нұрдәулет Қилыбайды орнына қойды
  • «Газды қымбаттатып, халыққа қарсы шықтың»: Жан Ахмадиев атышулы сарапшы Олжас Байділдиновті жекпе-жекке шақырды
  • «Қазақтың ұлттық киімдерін, салт-дәстүрін сыйламасаң да, олай қор қылма»: Журналист Асхат Ниязов әзілдеймін деп сынға қалды
  • Израиль ХАМАС-ты бітім шартын бұзды деп айыптап, Газаға әуе соққысын жасады
  • «Lamborghini, Cadillac Escalade, қымбат пәтер, асыл тұқымды жылқылар»: Шығыс Қазақстанда депутат аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
  • «Тек матрас пен жастық берген»: Шымкенттегі ауруханалардың бірінде орын жетіспей, науқастар дәлізде жатқызған
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 20 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Доллар 600 теңгеге дейін жетуі мүмкін: Ұлттық банк төрағасы сынаққа дайын болу керектігін айтты

11 апреля, 2025 Экономика
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгінгі таңда, 11 cәуірде 1 АҚШ доллары 505,76 теңгені құрайды. Қазақстанда доллар бағамының күрт қымбаттауы бірнеше негізгі факторларға байланысты, Qazaq Today ақпарат порталы доллардың күрт өсуінің ең ықтимал себептерін анықтауға тырысты, деп хабарлайды Todayinfo.

Picture background

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мұнай бағасының күрт төмендеуі еліміздің экономикасына, мемлекеттік кірістер мен теңге бағамына айтарлықтай ықпал ететінін мәлімдеді.

Бірақ бұл – Қазақстанның бақылауындағы жағдай емес, сол себепті тек дайындықпен қарсы тұру қажет деді ол.

1. Әлемдік қаржы нарығындағы өзгерістер

  • АҚШ-та Федералды резерв жүйесі (ФРЖ) пайыздық мөлшерлемені көтерсе, доллардың жаһандық сұранысы артады. Бұл өз кезегінде басқа елдердің, соның ішінде Қазақстанның да ұлттық валютасына қысым жасайды.

2. Мұнай бағасының төмендеуі

  • Қазақстан – мұнай экспорттаушы ел. Егер Brent немесе WTI маркалы мұнай бағасы төмендесе, ұлттық валюта әлсірейді, себебі елге келетін шетел валютасының көлемі азаяды.

3. Ішкі сұраныстың артуы

  • Долларға деген ішкі сұраныстың күрт өсуі (мысалы, халықтың немесе компаниялардың жаппай доллар сатып алуы) валюта бағамына тікелей әсер етеді.

4. Инфляция мен монетарлық саясат

  • Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты, инфляция деңгейі де теңгенің әлсіреуіне себеп болуы мүмкін. Мысалы, базалық мөлшерлеме төмендесе, теңгеге деген қызығушылық азайып, доллар бағасы көтеріледі.

5. Геосаяси факторлар

  • Ресей мен басқа ірі серіктес елдердегі жағдайлар, санкциялар немесе саяси тұрақсыздық теңге бағамына жанама әсер етеді.

Мұнай бағасы құлдырай берсе, доллар тіпті 600 теңгеге дейін шарықтап кетпей ме? Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифингте осы сұраққа жауап берді.

Picture background

«Егер мұнай арзандаса, бұл сөзсіз экономикамызға әсер етеді. Бұл – шындық. Бірақ біз оны өзгерте алмаймыз. Ең бастысы – дайын болу, және біз қазір соған нақты қадамдар жасап жатырмыз», – деді Ұлттық банк төрағасы.

Журналистердің «Үкімет пен Ұлттық банктің балама жоспары бар ма?» деген сұрағына Сүлейменов:

«Қазір біздің ғимаратта Үкімет, Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігінің өкілдері отырып, осы мәселеге қатысты жұмысты атқарып жатыр. Қолымызда мықты макроэкономикалық модель бар. Сол негізде біз «Б» немесе «С» жоспары сынды балама сценарийлерді әзірлеп жатырмыз. Қажет болса, келесі аптада оны ресми түрде жариялаймыз», – деп жауап берді.

Қазақстандықтар ақшасын қандай валютада сақтайды?

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов халықтың депозиттерге қатысты көзқарасын айтты. Оның сөзінше, былтыр қараша-желтоқсан айларында теңге қысымға ұшыраған кезде сарапшылар арасында теңгелік салымдардан валюталық депозиттерге жаппай ауысу болады деген болжамдар айтылған.

Picture background

Бірақ 2025 жылдың бірінші тоқсанының деректері бойынша, ондай үрдіс байқалмайды. Адамдар теңгеге деген сенімін сақтап отыр. Теңгедегі салым мөлшерлемелері де инфляцияны жабуға жеткілікті деңгейде, бұл адамдарға нақты табысын сақтауға мүмкіндік береді, — деді ол.

Ұлттық банктің мәліметінше, қазіргі уақытта депозиттердің долларлану деңгейі 22,5 пайызды құрап отыр. Бұл — тарихи минимумға жақын көрсеткіш. Былтырдың үшінші тоқсанында бұл көрсеткіш 21,8% болған. Яғни өсім небәрі 0,7 пайызды құрайды. Бұл доллардың әлемдік нарықтағы нығаюымен байланысты.

Яғни, нақты долларға ауысу, жаңа шоттар ашу үрдісі жоқ. Адамдар ақшасын теңгеде ұстап отыр, — деді Ұлттық банк төрағасы.

Оқылып жатыр

«17 адам байып, елдің 80%-ы кедейленді»: сарапшы доллардың 600 теңге болуы жайлы болжам жасады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтерді

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттауы мүмкін – сарапшылар болжамы

Қазақстандағы доллар бағамы жаңа рекорд орнатты

Барлық қаржы құрылымдары жақында блокчейнге көшеді — сарапшылар

Соңғы жазбалар

Қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері Юрий Аравин өмірден озды

20 Қазан, 2025

Парижде бүкіл әлемге әйгілі Лувр мұражайын 7 минутта тонап кетті

20 Қазан, 2025

«Ештеңе бітіріп жатқан жоқсыңдар, бәріңдікі құр сөз!»: Маңғыстаулық ақсақал Нұрдәулет Қилыбайды орнына қойды

20 Қазан, 2025

«Газды қымбаттатып, халыққа қарсы шықтың»: Жан Ахмадиев атышулы сарапшы Олжас Байділдиновті жекпе-жекке шақырды

20 Қазан, 2025

«Қазақтың ұлттық киімдерін, салт-дәстүрін сыйламасаң да, олай қор қылма»: Журналист Асхат Ниязов әзілдеймін деп сынға қалды

20 Қазан, 2025

Израиль ХАМАС-ты бітім шартын бұзды деп айыптап, Газаға әуе соққысын жасады

20 Қазан, 2025

«Lamborghini, Cadillac Escalade, қымбат пәтер, асыл тұқымды жылқылар»: Шығыс Қазақстанда депутат аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

20 Қазан, 2025

«Тек матрас пен жастық берген»: Шымкенттегі ауруханалардың бірінде орын жетіспей, науқастар дәлізде жатқызған

20 Қазан, 2025

Еліміздің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

20 Қазан, 2025

Мағжан Ілиясов Қазақстанның Америкадағы Елшісі болып тағайындалды

20 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.