The New York Times басылымының мәліметінше, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қайта сайланған жағдайда кейбір елдердің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпарттық агенттігі.
Қызыл тізім: толық тыйым
Ақ үй әкімшілігі қазіргі уақытта АҚШ-қа кіруге шектеу қойылатын мемлекеттердің «қызыл тізімін» дайындауда. Басылымның дерегіне сүйенсек, бұл тізімге Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде шектеуге ұшыраған елдер кіруі мүмкін.
Атап айтқанда:
- Венесуэла
- Иран
- Йемен
- КХДР (Солтүстік Корея)
- Куба
- Ливия
- Сирия
- Сомали
- Судан
Сонымен қатар, Ауғанстан да бұл тізімге енуі ықтимал.
Оранжевый тізім: шектеулі кіру
Бұдан бөлек, «оранжевый тізім» енгізілмек. Оған кірген елдердің азаматтарына визаның шектеулі түрлері ғана беріледі, әрі АҚШ-та болу мерзімі қысқарады.
Сары тізім: уақытша бақылау
Тағы бір «сары тізім» құрылады. Бұл санатқа енген мемлекеттерге АҚШ талаптарына сай 60 күн ішінде өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі. Егер олар:
Паспорт беру ережелерін жетілдірмесе
АҚШ-қа келетін азаматтары туралы нақты ақпарат ұсынбаса
онда олар «қызыл» немесе «оранжевый» тізімдерге енгізіледі.
Бұл бастама АҚШ-тың көші-қон саясатын қатаңдатуға бағытталған және 2024 жылғы президенттік сайлауалды бағдарламасының бір бөлігі болуы мүмкін.