Фото: AP Photo
Дональд Трамп тағы да Канадаға АҚШ — қа кіруді ұсынды және Гренландияға деген амбициясын тағы да жариялады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Сайланған Америка президенті Дональд Трамп Канадаға АҚШ-пен бірігу туралы ұсынысын қайталады. Осылайша, Ақ үйдің болашақ басшысы, Джастин Трюдоның Канада премьер-министрі қызметінен кету туралы хабарламасына жауап берді.
Truth social әлеуметтік желісінде (Трампқа тиесілі) саясаткер былай деп жазды: «Егер Канада АҚШ-пен біріксе, онда тарифтер болмас еді, салықтар айтарлықтай төмендеп, оларды үнемі қоршап тұрған ресейлік және қытайлық кемелердің қаупінен толық қорғалған болар еді».
Трамп Канаданың АҚШ-қа кіруі туралы бірінші рет ойластырып жатқан жоқ. Желтоқсан айында ол «көптеген» канадалықтар елдердің бірігуін қалайтынын айтты. Алайда, leger сауалнамасына сәйкес, бұл сан шамамен 13 % құрады.
Канада үкіметінің басшысы Джастин Трюдо дағдарыс және оның Либералдық партиясының өте төмен рейтингтеріне байланысты өзінің отставкаға кеткенін хабарлады. Партия жаңа көшбасшыны таңдағанға дейін Трюдо елдің премьер-министрі қызметін жалғастырады — бұл процесс бірнеше айға созылуы мүмкін. Трюдо тоғыз жыл бойы Канада үкіметін басқарды.
Сыншылар Трюдоның отставкаға кету уақыты ойластырылмаған деп санайды, өйткені бұл Трамп АҚШ президенті ретінде инаугурациядан бірнеше апта бұрын жарияланған. Билікке келген алғашқы күні Трамп канадалық тауарларға 25% тарифтер енгіземін деп қорқытты.
Канаданың АҚШ — тағы бұрынғы елшісі Дэвид Макнотон дүйсенбіде CBC News-ке берген сұхбатында:
«Отставка дегеніміз, Трюдо енді Трамптың тарифтік қаупін болдырмау үшін көп нәрсе істей алмайтындығын білдіреді»,-дейді.
Канада Трамптың тарифтерге қатысты қоқан-лоққыларына дайындалып үлгеруі үшін,Трюдо бұл қадамды бірнеше ай бұрын жасауы керек еді,-дейді Макнотон.
«Гренландияны қайтадан ұлы ету»
Трамп Гренландияға деген амбициясы туралы тағы да мәлімдеді. Трамптың пікірінше, аралдың тұрғындары АҚШ-қа кіруден пайда көреді.
«Гренландия-керемет жер. Егер ол біздің елдің бір бөлігі болса, оның тұрғындары үлкен пайда көреді. Біз оны зұлым сыртқы әлемнен қорғаймыз»,-деп жазды Трамп truth Social әлеуметтік желісінде.
Гренландия-Даттық корольдігінің құрамына кіретін автономиялық аймақ. 1979 жылғы 1 мамырдағы референдумға сәйкес Дания Гренландияға өзін-өзі басқару құқығын берді.
Эгеде Трамптың соңғы мәлімдемелеріне әлі түсініктеме берген жоқ, бірақ желтоқсан айында Гренландия «сатылмаған және ешқашан сатылмайды»деді.
Бұрын Гренландия туралы Трамп келесі мәлімдеме жасады:
«бүкіл әлемде ұлттық қауіпсіздік пен бостандық үшін Америка Құрама Штаттары Гренландияға иелік ету абсолютті қажеттілік деп санайды».
Трамп өзінің алғашқы президенттік мерзімінде Данияға 2019 жылдың тамызына жоспарланған сапарынан бас тартты. Бұл бас тарту Дания премьер-министрі Метте Фредериксен Трамптың аралды сатып алу идеясын абсурд деп атағаннан кейін болды.
Гренландия парламентінің мүшесі Аая Хемниц Facebook-те Гренландия тұрғындары Трампқа «жоқ» деп айтуы керек екендігін жазды. «Кейбіреулер бізді американдық азамат болу бақыт деп ойлайтындай аңғал болуы мүмкін», — деп атап өтті Хемниц.