Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

1 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

1 Қыркүйек, 2025

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты
  • Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды
  • Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды
  • «5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті
  • Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды
  • «Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады
  • Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды — Тоқаев
  • «Келешек мектептері»: Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Дональд Трамп: Украина Ресейдің бір бөлігіне айналуы мүмкін

Дональд Трамп: Украина Ресейдің бір бөлігіне айналуы мүмкін

11 февраля, 2025 Саясат
Фото: The White House / Wikimedia Commons (Public Domain)
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

АҚШ президенті Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу қарсаңында резонансты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Todayinfo.kz. Ақпаратқа сүйенсек, Ақ үй өкілдері бұл кездесуді осы аптада өткізуді жоспарлап отыр.

The Telegraph басылымының жазуынша, Трамп Украина билігі сирек кездесетін жер металдарын (редкоземельді металдар) АҚШ-қа беру туралы келісімге келіскені туралы мәлімдеген. Олардың жалпы құны 500 миллиард долларға бағаланады. Трамптың айтуынша, дәл осы келіссөздердің нәтижелеріне сай АҚШ-тың Украинаға Ресейдің әскери басқыншылығына қарсы көмек көрсетуді жалғастыру-жалғастырмауы шешілмек.

«Олар келісімге келуі мүмкін, келмеуі де мүмкін. Бір күні Ресейдің бір бөлігіне айналуы мүмкін, немесе айналмауы да мүмкін», – деді Дональд Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында.

АҚШ президенті сонымен қатар Ресей-Украина қақтығысы мәселелері бойынша арнайы өкілі генерал Кит Келлоггтің жақын күндері Киевке сапарлайтынын растады. Бұдан бөлек, 14 ақпан күні АҚШ вице-президенті Джеймс Вэнс Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясы аясында Владимир Зеленскиймен кездесуді жоспарлап отыр.

Өз кезегінде Зеленский Дональд Трамппен жеке кездесуге дайындық жүргізіп жатқанын мәлімдеді. 10 ақпанда ол Украинаға «нағыз бейбітшілік пен тиімді қауіпсіздік кепілдіктерін» қамтамасыз етуге шақырды.

Украинадағы сирек кездесетін жер металдарының қоры ақшалай баламада 12 триллион долларға дейін жетуі мүмкін. Бұған дейін Трамп АҚШ-тың Ресей-Украина қақтығысы басталғаннан кейін көрсеткен көмегіне өтем ретінде осы қорлардың бір бөлігін алғысы келетінін айтқан.

Ал Кремль Трамптың мәлімдемесіне жауап қайтарды. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Украинаның едәуір бөлігі қазірдің өзінде Ресейдің құрамына өтті» деп мәлімдеді. Ол Ресей өзіне қосып алғанын жариялаған төрт украин аймағын (Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарын) меңзеді. Десе де, бұл облыстарды Ресей әскері толық бақылауына алған жоқ. Сондай-ақ халықаралық қауымдастық та Ресейдің бұл өңірлерге құқығын мойындаған жоқ. Қазақстан да әлем елдерінің басым көпшілігі сияқты Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейді.

Дональд Трамптың Ресей-Украина соғысын тоқтату жоспары қақтығысты қазіргі жағдайда «тоқтатып қоюды» қарастырады, яғни Ресей басып алған жерлерін сол күйінде ұстап қалуы мүмкін. Бұл Украина жерінің шамамен 20 пайызына тең.

Оқылып жатыр

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

Британ билігі дайындаған: Тоқаев туралы шетелдегі құпия құжаттар тарап кетті (ФОТО)

Жапон басқыншыларын жайрату: Пекин бұрын соңды болмаған әскери шеруге дайындықты аяқтады

Желіде жаңа Конституция жобасы талқыланып жатыр: Мемлекет атауы «Қазақия» болып өзгеруі мүмкін бе?

Ақиқат пен миф: Марат Жыланбаев төңірегіндегі ақпараттық дау

Зеленский Трамппен келіссөз жүргізу үшін Вашингтонға барды

Соңғы жазбалар

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

1 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

1 Қыркүйек, 2025

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

1 Қыркүйек, 2025

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

1 Қыркүйек, 2025

Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды — Тоқаев

1 Қыркүйек, 2025

«Келешек мектептері»: Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

Щучинскдегі шу: Бурабайда жерге таласқан халық митинг өткізбек

1 Қыркүйек, 2025

Ақша аударымдарын бақылау мен күшейтілген жаза: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда маңызды өзгерістер күшіне енді

1 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.