ЦСКА-ның бұрынғы қорғаушысы Владимир Пономарёв Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасынан кеткеніне қатысты пікір білдірді, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
Пономарёвтың айтуынша, Черчесов Қазақстан құрамасында ешқандай айтарлықтай жетістікке жете алмады.
«Нәтиже айқын, ол бұл құрамамен ешқандай жетістікке жете алған жоқ. Уақытты созбай, келісімшартты бұзып, өзі-ақ кетуі керек еді. Мен Стасқа үнемі көз салып жүретінмін, өте жақсы қарым-қатынастамыз. Ол – өте сауатты бапкер, бірақ бұл жолы дұрыс таңдау жасамады. Қазақтар ешқашан футбол ойнаған емес», – деді Пономарёв.
Пономарёв қазақтардың футболға бейімділігіне күмән келтірді.
«Олар тек атпен шауып, допты клюшкамен қуалай алады. Бірақ футбол – қазақтардың ісі емес. Черчесов команда деңгейін көтергісі келді, бірақ ол мүмкін болмады. Ол өз білімін бере алса да, футбол ойнауды үйрете алмайды», – деп атап өтті ол.
Соған қарамастан, Пономарёв Черчесовтың басқа лигаларда өз орнын табатынына сенімді.
«Ол Польшада да, Будапештте де өте жақсы жұмыс істеді. РПЛ-де оған жұмыс табылады. Екінші айналымда өзгерістер болады, біреу кетеді, ваканттық орындар пайда болады. Черчесовты шақыруы мүмкін. Мен оған тек сәттілік тілеймін, өйткені ол өте сауатты және ақылды бапкер», – деді Пономарёв «Советский спортқа» берген эксклюзивті сұхбатында.
Еске салсақ, бүгін Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен қуылан еді.