Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған
  • Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды
  • Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды
  • Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 24 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Дрондар шоуы: Алматылықтар аспаннан Ұлы Отан соғысының қаһармандарын көрді

Дрондар шоуы: Алматылықтар аспаннан Ұлы Отан соғысының қаһармандарын көрді

9 Мамыр, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жеңіс күніне арналған дрондар шоуын тамашалауға Абай алаңына 60 мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

9 мамыр күні Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды дрондар шоуы болып өтті. Бұл әсерлі көрініс мерекенің шарықтау шегі. Осы сәтте 500-ден астам дрон көкке көтеріліп, жарық пен анимация арқылы ерлік пен жанқиярлықты, есте қалған ерлікке толы сәттерді баяндады.

Шоу өткен Абай алаңына 60 мыңнан астам қала тұрғыны жиналды. Сондай-ақ, «Алматы» телеарнасының YouTube-арнасында тікелей эфир ұйымдастырылды.

Шоудың ашылу сәтінде «80 • 1941–1945» деген жазуы бар жұлдыз пайда болды – бұл ерліктің символы әрі ұлы жеңіс жылдарын еске салатын белгі. Одан кейін аспанда жауынгер каскасы мен қызыл қалампырлар бейнеленіп, соғыста қаза тапқандарға құрмет көрсетілді. Ең әсерлі көріністің бірі – соғыстан оралмаған сарбаздардың рухын бейнелейтін ұшып бара жатқан тырналар композициясы болды.

Шоудың маңызды бөлігі қазақстандық қаһармандарға арналды. Аты аңызға айналған Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың кезегі келгенде, Мәншүк – пулеметпен, Әлия – мылтықпен шықты. Сондай-ақ, жауынгерлік ұшақпен тұрған әйгілі ұшқыш Талғат Бигелдиновтың бейнесі де болды арасында. Халық қаһарманы, қолбасшы әрі жазушы Бауыржан Момышұлының тұлғасы батырлық пен қайсарлықтың символы ретінде жарыққа шықты.

Бұдан өзге көріністерде Жеңіс туының көтерілу сәті, жұлдыз пішініндегі Мәңгілік алау мен «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!» деген жазу бейнеленді. Шоудың ақтық сәтінде қазақы оюмен көмкерілген композиция мен жарқыраған «Жеңіс күні құтты болсын!» деген жазу көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

Бұл жарық шоу – еске алу шарасы ғана емес, тарихи мұраны жаңа буынға жеткізудің жаңа тәсілі. Ол тарихты ұмытпай, оған мақтанышпен қарау керектігін еске салды.

Көрермендерге Абай алаңында, «Қазақстан» қонақүйі жанында, Caspian University маңында және Абай даңғылы бойында арнаулы алаңдар даярланды. Шоу кезінде қала орталығындағы көлік қозғалысы уақытша шектелді.

Алматыдағы дрондар шоуы Жеңіс күнін атап өтудің жарқын әрі есте қаларлық сәтіне айналды. Шоудың әсерін күшейткен әскери жылдардағы әндер мен патриоттық әуендер әр көріністің эмоциялық қуатын арттырып, көрермендердің көкейіне мақтаныш сезімін ұялатты.

Оқылып жатыр

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

Соңғы үш жылда Алматыда жан басына шаққандағы ЖӨӨ 56,6%-ға өсті

«Жеке имиджі мен пиарына ақша жұмсамады»: сарапшы Досаевтың жұмысына оң баға берді

Ерболат Досаев Алматы әкімі ретінде несімен есте қалды?

Алматы әкімсіз қалды: Президент ақыры Ерболат Досаевты қызметінен босатты

Соңғы жазбалар

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

24 Мамыр, 2025

16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды

24 Мамыр, 2025

«N1 продюсер екенін дүйім жұрт мойындады»: Қарақат Әбділдина зейнет жасына жақындаған күйеуін айтып мақтанды (ВИДЕО)

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.