Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Нұрлан Еспанов: Келін жақсы, бірақ қысылып жүрміз

14 Шілде, 2025

Кез келген адамның үні мен пікірі ескерілетін мемлекет құру — Серік Сәлемов

14 Шілде, 2025

Түлкібаста экотуризмді дамытуға бағытталған «ALTY KÖL» жобасы қолға алынды

14 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Нұрлан Еспанов: Келін жақсы, бірақ қысылып жүрміз
  • Кез келген адамның үні мен пікірі ескерілетін мемлекет құру — Серік Сәлемов
  • Түлкібаста экотуризмді дамытуға бағытталған «ALTY KÖL» жобасы қолға алынды
  • «Енді айтысқа шақырмаңыз»: Сара Тоқтамыс Жүрсін Ерманға қалай ренжіп қалғанын айтты
  • Wizz Air Қазақстан бағыттарын тоқтатады: Абу-Дабидегі операциялар жабылады
  • Саңырауқұлақ теруге шыққан: Алматы облысында орманда жоғалған 10 жастағы бала аман есен табылды
  • «Путин түнде бомба жаудырады»: Трамп Украинаға зениттік зымырандар сататын болды
  • Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті ретінде танылды – Бас прокуратура
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 14 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » ЕАЭО, ChatGPT, саудадағы цифрлық технологияларды дамыту – Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумда сөз сөйледі

ЕАЭО, ChatGPT, саудадағы цифрлық технологияларды дамыту – Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумда сөз сөйледі

27 Маусым, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Минск қаласында өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық сессиясында сөз сөйледі. Дәстүрлі жиынның биылғы тақырыбы – «Еуразиялық экономикалық интеграция стратегиясы: қорытынды мен перспектива».✔️

Президент форум интеграциялық бірлестік қызметінің өзекті мәселелері жөнінде мазмұнды диалог өрбітетін маңызды алаңға айналғанына назар аударды.

– Дамудың жаңа кезеңіне қадам басар алдында аталған одақ Еуразиядағы ең ірі бірлестіктердің бірі ретінде өзінің лайықты орнын иеленіп отыр. Ұйымға мүше елдердің жалпы экономикалық әлеуеті – 2,6 триллион доллар. Өткен жылы өзара сауда айналымы 98 миллиард долларға жетті. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен шамамен екі есе жоғары. Ал елдеріміздің жиынтық ІЖӨ-нің өсімі екінші жыл қатарынан әлемдегі орташа көрсеткіштен асып түсті. Бүгінде бірлестіктің халықаралық беделі артып, жаһандық экономика жүйесіндегі маңызды субъектіге айналып келеді. Біздің ойымызша, ЕАЭО-ның одан әрі дамуы тең құқылық, ортақ игілік және прагматизм қағидаттарына арқа сүйеп, елдеріміздің экономикалық мүддесін нығайтуға қызмет етуі керек. Интеграция көп жағдайда біз қалаған нәтижеге жеткізбейді, бұл үшін өзара ымыраға келіп, бірлесе жұмыс істеу керек, – деді Мемлекет басшысы.✔️

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев модератордың ЕАЭО елдерінің өзара сауда-саттық үдерісіндегі цифрлық технологиялардың перспективасы туралы сауалына жауап берді.

– Заманауи сын-қатерлер экономиканы өркендетуде жаңа тәсілдерге жүгінуді талап етеді. Бұл ретте цифрлық технологиялар маңызды рөл атқарады. Жалпы, цифрландыру мен жасанды интеллект біздің мемлекеттік саясатымыздың басым бағытының бірі. Электронды коммерция, цифрлық құжат айналымы, автоматтандырылған басқару жүйесі және логистика ЕАЭО елдері экономикасының ажырамас бөлігіне айналды. Олар шығынды азайтып, тауарлар қозғалысын жеделдетуге және бизнестің ортақ нарыққа шығуын жеңілдетуге мүмкіндік берді. Жаппай цифрландыру әлемнің тез өзгеруіне, технологиялық тұрғыдан ілгерілеуіне түрткі болып отыр. Біз осы кезеңнің куәгеріміз. Аталған үдерісте ең ерекше назар аударатыны – жасанды интеллект. Бұл технология өнімділікті арттырып қана қоймай, экономиканың жұмыс істеу қалыбын, тіпті мемлекет пен қоғамды түбегейлі өзгертіп жатыр. Қазірдің өзінде ЖИ коммуникация, көлік, энергетика, өндіріс, денсаулық сақтау және білім беру секілді салаларға дендеп енді. Әрине, жасанды интеллектіні енгізудің теріс әсері де бар. Мысалы, студенттер ChatGPT пайдаланады. Тіпті, кейбір саясаткерлер баяндамаларын жазу үшін ChatGPT көмегіне жүгінетін көрінеді. Бірақ мұның бәрі жасанды интеллектінің, жалпы цифрландырудың жанама әсері деп ойлаймын. Болжамға сәйкес, 2030 жылға қарай цифрландыру мен жасанды интеллект әлемдік ішкі жалпы өнімге 15 триллионнан астам табыс әкеледі, 300 миллионға тарта жұмыс орнын алмастырып, мүлдем жаңа мамандықтардың пайда болуына ықпал етеді, – деді Мемлекет басшысы.

Оқылып жатыр

Тоқаев Трампқа хат жолдады: «Бұл америкалықтар үшін маңызды оқиға»

Тоқаев тоқтатты: жемқорлармен күрескен Антикор енді жоқ

«Орталық Азия — Қытай» саммиті: Тоқаев жаңа бастама айтты

«Орталық Азия – Қытай» ІІ саммиті: Тоқаев қандай бастама ұсынды

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Астанаға ресми сапармен келді (ВИДЕО)

Тоқаев маңызды мекеменің басшысын ауыстырды

Соңғы жазбалар

Нұрлан Еспанов: Келін жақсы, бірақ қысылып жүрміз

14 Шілде, 2025

Кез келген адамның үні мен пікірі ескерілетін мемлекет құру — Серік Сәлемов

14 Шілде, 2025

Түлкібаста экотуризмді дамытуға бағытталған «ALTY KÖL» жобасы қолға алынды

14 Шілде, 2025

«Енді айтысқа шақырмаңыз»: Сара Тоқтамыс Жүрсін Ерманға қалай ренжіп қалғанын айтты

14 Шілде, 2025

Wizz Air Қазақстан бағыттарын тоқтатады: Абу-Дабидегі операциялар жабылады

14 Шілде, 2025

Саңырауқұлақ теруге шыққан: Алматы облысында орманда жоғалған 10 жастағы бала аман есен табылды

14 Шілде, 2025

«Путин түнде бомба жаудырады»: Трамп Украинаға зениттік зымырандар сататын болды

14 Шілде, 2025

Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті ретінде танылды – Бас прокуратура

14 Шілде, 2025

Қостанай облысында жол апатынан сәби көз жұмды

14 Шілде, 2025

Сейітқазы Матаевтың киесі ұрды: адамдарды тапсырыспен түрмеге тоғытқан прокурор Олеся Кексельге қарсы қылмыстық іс қозғалды

14 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.