Қазақстанда басқа адамның электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілтін пайдаланғандар 2025 жылғы 13 наурыздан бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Todayinfo.
Цифрлық даму министрлігі:
«Енді ЭЦҚ-ны заңсыз бергендер де, оны пайдаланғандар да жауапқа тартылады.»
Айыппұл мөлшері:
- Жеке тұлғаларға – 50 АЕК (196 600 теңге)
- Лауазымды адамдар мен шағын бизнеске – 100 АЕК (393 200 теңге)
- Орта бизнеске – 150 АЕК (589 800 теңге)
- Ірі бизнеске – 200 АЕК (786 400 теңге)
Сонымен қатар, дербес деректерді заңсыз жинау мен өңдеуге қатысты айыппұлдар үш есе көбейіп, 30-дан 2000 АЕК-ке дейін арттырылды.