Қазақстанда басқа адамның электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілтін пайдаланғандар 2025 жылғы 13 наурыздан бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Todayinfo.

Цифрлық даму министрлігі:
«Енді ЭЦҚ-ны заңсыз бергендер де, оны пайдаланғандар да жауапқа тартылады.»

Айыппұл мөлшері:

  • Жеке тұлғаларға – 50 АЕК (196 600 теңге)
  • Лауазымды адамдар мен шағын бизнеске – 100 АЕК (393 200 теңге)
  • Орта бизнеске – 150 АЕК (589 800 теңге)
  • Ірі бизнеске – 200 АЕК (786 400 теңге)

Сонымен қатар, дербес деректерді заңсыз жинау мен өңдеуге қатысты айыппұлдар үш есе көбейіп, 30-дан 2000 АЕК-ке дейін арттырылды.

Exit mobile version