Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнату барысында жылу электр станциясын кеңейту мен реконструкциялауға арналған қаражаттың талан-таражыға түсіп, жымқырылғанын анықтады.
Жергілікті прокуратураның мәліметінше, расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрап отыр.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмысқа қатысты мән-жай, залалдың түпкілікті сомасы, оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары басталып кетті» — делінген хабарламада.