Екібастұз, Қазақстан (19 қараша 2024) — Екібастұздағы мейрамханада тойға келген қонақтар жаппай уланып, мекеме оларға 5 млн теңгеден астам қаражат төлейтін болды. Бұл туралы Todayinfo хабарлады.
Фото: restolife.kz
Мейрамханадан моральдық және материалдық залалды өндіріп алу туралы 18 адам сотқа шағымданған. Іс жүзінде зардап шеккендер саны одан да көп.
Қалалық сот жәбірленушілердің ауруханада болған уақыты үшін материалдық шығынды өтеу туралы талаптарын ішінара қанағаттандырды. Өтелетін сомалар 1318 теңгеден 188 462 теңгеге дейін. Моральдық зардап үшін талапкерлер 200 мыңнан 700 мың теңгеге дейін өтемақы сұраған.
Нәтижесінде сот шешімімен мейрамхана зардап шеккендерге 5,2 млн теңгеден астам қаражат төлейтін болды.