Бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан заңгер Мейрамгүл Қайырбекованы әріптестері қайғыра еске алды, деп хабарлайды Todayinfo.
Марқұм 2022жылдан бастап Жылыой аудандық орталық ауруханасында заңгер болған. Бір қыздың анасы.
«Мейрамгүл Абатқызы қызметіне адал, өз ісінің маманы, біліктілігін арттыру курстарына қатысып көптеген сертификаттарына қол жеткізген. Ұжымдастарының алдында беделді, үлкенді құрметтей білген, жаны жайсаң, жүрегі жұмсақ, үнемі күлімсіреп жүретін жан еді. Өмірден өтсе де, оның жарқын бейнесі мәңгі есімізде қалады.
Отбасына, анасы, бауырларына кайғысына ортақтасып көңіл айтамыз, иманы жолдас болсын!
Қасиетті рамазан айында, Алла рахымына алсын, жаның жәннатта болсын», — деп жазды аурухана қызметкерлері.