Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Ел жастары саған қарап күш алсын»: Алматы облысында ұстаздар Назым Қызайбайға өлең арнады 

30 Қазан, 2024 Спорт
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысының ұстаздары «Париж- 2024» жазғы олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға өлең арнады. Талғар ауданы Еламан ауылындағы №41 орта мектептің ұстаздары боксшы қызбен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Кездесуге партия өкілдері, ауылдық ақсақалдар алқасы, №15, №26, №37, №41 мектептерінің өкілдері мен 9-11 сынып оқушылары қатысты.

 «Кездесудің мақсаты оқушыларға еліміздің намысын қорғап, көптеген халықаралық жарыстарда еліміздің көк туын желбіретіп жүрген спортшымызбен таныстыру және үлгі тұту, салауатты өмір салтын насихаттап, жас ұрпақтың спортқа жақын өсуіне ықпал ету болды. Іс-шара мемлекеттік гимнмен басталды. «Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деп атам қазақ айтқандай, көрген нәрсе естігенге қарағанда бала есіңде мәңгілік сақталады», — деді Талғар ауданы Еламан ауылындағы  №41 орта мектептің директоры Зергүл Егінбаева.

Назым Қызайбай 2014 және 2016 жылдары бокстан Әлемнің екі дүркін чемпионы болса, Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған. Боксшы ару Парижден оралғалы елдің құрметіне бөленіп келе жатқанын, алайда мектепте алғаш рет кездесуге келіп, ерекше толғаныста отырғанын айтты.

«Мектептен бастап спортқа деген қызығушылығым болды, алдымен бокс емес баскетбол түрін таңдаған едім. Ауылдағы ұл балалармен дос болып, солармен бірге бокс үйірмесіне қатыстым. Әр спорт түрінің өзіне тән әдіс-тәсілдері болады, ол өздерінің жаттықтырушысының тактикасына байланысты. Болашақта Қазақстанның көк туын биікке желбірету үшін аянбай еңбек ету. Әрине, бақыттымын! Ата-анамның, бауырларымның және халқымның қолдауының арқасында, мен өзімді бақытты деп санаймын. Жазғы Париж олимпиадасынан кейін, республиканың әр өңір, әр облыстарында болсам да, мектеп қабырғасына алғаш рет шақырту алып, сіздермен жүздесіп отырмын. Мектеп табалдығын аттаған сәтте өзімнің оқушы кезім көз алдыма елестеп, ерекше сезімге бөлендім.

Құрметті оқушылар, болашақ сіздердің қолдарыңызда, білімді болумен қатар салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамның әр саласында еңбек ететін тұлғаға айналуларыңызға тілектеспін! Осы кездесуге үлкен ат салысып, басқа шақырған Алматы қаласындағы мектептерге бармай, Сіздерге келуіме себеп болған осы мектептің қызметкерлеріне алғыс айтамын», — деді оқушылардың сұрақтарына жауап берген Назым Қызайбай.

Кездесуге келген қонақтар сөз алып, Әлем чемпионымен кездесіп, сөйлесудің орын ерекше екенін атап өтті.

Мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жұлдыз Уалихан ел намысын жоғары деңгейде қорғап, Қазақстанның атын шығарған аруға өлең арнады.

Қызайбай Назымға арнау

Бүгінгі күн ерекше есте қалмақ,

Жас өрендер өзіне тәлім алмақ.

Уа, халайық, қуана қол соғыңдар,

Чемпионмен оңаша сұхбат болмақ.

Қызайбай Назым есімі Жария күн,

Үлгісі боп қыздарға ар-ибаның.

Халқымыздың бүгінгі батыр қызы,

Сіңілісі Мәншүк пен Әлияның.

Қиындыққа Назым еш мойымаған,

Жеңіс үшін ешнәрседен тайынбаған.

Ерен еңбек, төккен тер ақталды ғой,

Чемпион ол, бүгінде әлем мойындаған.

Еңбегің зор елің үшін атқарған,

Жүлдең де көп қанжығаңда сақталған.

Чемпион боп жүре бергін есімі,

Босшылар жүрегінде жатталған.

Әлі талай биік шыңға ұшарсың,

Сан жүлдені құшағыңа қысарсың.

Тек әлемдік аренада самғай бер,

Ел жастары саған қарап күш алсын!

Кездесу мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Оқылып жатыр

17 жастағы боксшының денесі табылды: Оның әкесі де жұмбақ жағдайда қаза тапқан

«Уақытым жоқ»: «Барыстың» бас бапкері қазақ тіліне қатысты пікір білдірді

Темірлан Анарбеков те білім гранты иегері атанды

«Мына халық Темірланды тез ұмытқанын қарашы»: Белгілі журналист жанайқайын жеткізді

«Шағын сыйлық»: Танымал қазақстандық кәсіпкер Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйлады (ВИДЕО)

«7 сейв, Мбөпе және Мбаппенің қобалжуы»: «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрза әлем назарына ілікті

Соңғы жазбалар

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.