Фото: vlast.kz
8 қаңтарда 14 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкентте ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
- Астанада түнде кей уақытта қалың қар жауып, күндіз бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде оңтүстік-батысқа бұрылып, таңертең екпіні 15-20 м/с жетеді.
- Алматыда түнде кей уақытта қалың қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады.
- Алматы облысының тау бөктерінде және таулы аймақтарында кей жерлерде қалың қар жауады. Солтүстікте, оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні — 18-23 м/с.
- Күндіз Абай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде кей жерлерде қалың қар жауып, боран болады. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с жетеді.
- Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде қалың қар жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады. Тұман түседі. Желдің екпіні — 15-20 м/с, түнде кей жерлерде 25 м/с жетеді.
- Ақтөбе облысының солтүстігінде қар жауып, тұман түседі.
- Атырау облысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
- Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде кей жерлерде қалың қар жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні — 15-20 м/с.
- Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең 25 м/с жетеді.
- Шығыста, Жетісу облысының таулы аймақтарында қалың қар жауып, тұман түседі, көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с дейін жетеді.
- Батыс Қазақстан облысында түнде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Желдің екпіні — 15-20 м/с.
- Қостанай облысында түнде бұрқасын, тұман күтіледі. Желдің екпіні — 15-20 м/с.
- Қызылорда облысында түнде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Желдің екпіні — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15 аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.
- Павлодар облысында қарлы боран соғады. Желдің екпіні — 15-20 м/с.
- Солтүстік Қазақстан облысында түнде қарлы боран соғады. Облыстың шығысында тұман түседі. Желдің екпіні — 15-20 м/с.
- Түркістан облысында ауа температурасы түнде 6-8 градус аязға дейін күрт төмендеп, түнде қар жауады. Желдің екпіні — 15-20, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді.
- Шымкентте түнде қар жауады, түнде желдің екпіні — 15-20, кей уақытта 23 м/с болады.