Фото: видео скриншот

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзіне сыйға тартылған қымбат көлікті сатып, жаңа темір тұлпар тізгіндеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

тақты спортшының жаңа көлігі туралы ақпаратты алғаш болып оның ағасы Жандос Сметов әлеуметтік желіде жариялады.

«Тұлпарың құтты болсын, бауырым!» – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Париж Олимпиадасында топ жарған Елдос өзінің жаңа көлігінің жанында түскен суретін кейін өзі де бөлісіп, көпшіліктің құттықтауын қабыл алды.

Бұған дейін Елдос Сметов Instagram stories-те өзіне сыйға берілген Mercedes AMG GLE көлігін сататынын хабарлаған еді.

«Жұғысты болсын!» – деп жазған спортшы көліктің жаңа иесіне сәттілік тілеген.

Бұл көлік оған 2024 жылы Париж Олимпиадасындағы жеңісінен кейін Динара Сәтжанның күйеуі, кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтан сыйға берілген болатын. Спортшы көлікті 45 миллион теңгеге бағалап, сатылымға шығарған.

Сол кезде кәсіпкерлер Жұмабек Жанықұлов пен Сырымбек Тау бірқатар Олимпиада жүлдегерлеріне қымбат автокөліктер тарту еткен еді.

Exit mobile version