Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр
  • «Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен
  • Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды
  • Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда
  • Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды
  • «Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды
  • «Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?
  • «Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 18 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Елге турист тартуға берілген мүмкіндік»: Алматыда қазақ-қытай форумы өтіп жатыр

«Елге турист тартуға берілген мүмкіндік»: Алматыда қазақ-қытай форумы өтіп жатыр

21 марта, 2024 Саясат
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қытай елінің тұрғындары Орта Азия елдеріне саяхаттауға қызығып отыр. Қытайда жылына кемінде 100 миллион турист сырт елдерге саяхаттайды. Ал Қытайдың Қазақстанмен шекаралас Суар аймағының өзінде ішкі-сыртқы туристердің саны 270 миллионнан асады. Қытайлық компаниялар осы туристердің тым болмағанда 10 пайызын Қазақстанға, Орта Азия елеріне саяхаттатуға жоспар құрып отыр, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Алматыда өтіп жатқан форумға ҚХР тарапынан отыздан астам ірі компанияның өкілдері келген.

Мәдениет және туризм бағытында жұмыс істейтін мекемелердің өкілдері екі ел басшыларының өзара достық қарым-қатынасы бұл саладағы байланыстың жаңа бақытта өрбуіне мүмкіндік береді деген сенімде. Айтуларынша, Қазақстанға қытайлық турситерді молынан тартуға мүмкіндік көп.

«Наурыз мерекесімен қазақ халқын құттықтаймын. Біз мәдениет, өндіріс, саяхат саласы бойынша отыздан астам компанияны әкелдік осы форумға. Ол компаниялар қытайдағы алдыңғы қатардағы мекемелер болып есептеледі. Мақсатымыз мәдени тұрғыда тәжірибе алмасу. Жунго елінде жыл сайын кемі жүз миллионнан астам турист сырт елдерге саяхаттайды. Біздің мақсатымыз екі елдің арасында туристік байланысты нығайту, туристер санын арттыру. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен сіздердің Президенттеріңіз Қасым-Жомарт Тоқаев дос, жақсы байланыста. Бұл екі халықтың достығын, экономикалық, саяси және мәдени  байланысын жаңа деңгейге шығарады. Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» жобасын ең алғаш Қазақстан Республикасында жариялаған болатын. Содан бері бұл жоба өзінің көптеген жақсы мүмкіндіктерін көрсетіп келеді. Жунго халқынының, мемлекеттік қызметкерлері, компаниялардың, жай адамдардың Қазақстанға деген ойы, көзқарасы, түсінігі жақсы қалыптасқан», — деді ҚХР Мәдениет және туризмді зерттеу орталығының төрағасы Леу Яң.

ҚХР Орта Азия елдерінің Мәдениет және туризм саласына арналған форумы Алматыда бірінші рет өтіп жатыр. Әсіресе Синьцзян аймағынан көптеген мекеменің өкілдері келген. Шараны ұйымдастырушы Қазақстан, алайда ұсынысты қытайлықтар бастаған. Форумды ұйымдастырушылардың сөзінше, қазір әлем елдері қытайлық туристерді өзіне тартуды негізгі бағыттарының бірі ретінде жоспарлаған.

«Екі мемлекеттің басшылары өзара достықта, көптеген жақсы бастамалар көтеріп отыр. Соны қолдайық, дамытайық деген ұсынысты қытай тарапы ұсынып отыр. Қытай халқының саны көп, әрі жағдайлары жақсы, қалталары ақшаға толды. Сосын шетелдерге шығып, әлемді аралау, қыдыру оларда тенденцияға айналып кетті. Оның сыртында оларда қартаю үрдісі болып жатыр. Қытай халқының 20 проценті 60 жастан асып кетті. Яғни, бұл адамдардың бәрі зейнеткер, құрметті демалыста. Қытайда зейнеткерлер жақсы қамтамасыз етілген, оларда ақша көп. Олар әлемді аралап, ақшасын жұмсап, көңіл күйлерін көтеру керек. Бүкіл әлемде туризм бойынша қытайлықтарды өздеріне тарту, әсіресе мына Шығыс Азия, оның ішінде оңтүстік шығыс Азия елдерінде қытайлық туристерді өздерінің еліне шақыру экономикалық бағыттарының біріне айналған. Өйткені, Таиланд, Сингапур, Малайзия сынды елдерде мемлекеттік кірістерінің 30 пайызы осы туризммен түседі. Олардың бюджеттерінің көбі қытайлық туристерден келеді», — деді «Жебеу» республикалық қоғамдық ұйымының жетекшісі Құрмет Қаділғазыұлы.

Визасыз режим күшіне енгелі әуе, автожол және темір жол байланысы арқылы барыс-келіс көбейген. Бірақ Орта Азияға Қазақстан арқылы саяхаттайтын ішкі қытайлық туристердің легі әлі толық басталған жоқ деп санайды сарапшылар. Қытайлық туристер Шығыс Азия мен еуропа елдеріне көбірек барып, танып болған. Енді оларға Орта Азиядағы оншақты мемлекетті аралату туралы үгіт-насихат жүргізілмек.

«Қытай халқы Шығыс Азияның елдерін танып болған. Енді олар Орта Азия, бұрынғы ТМД елдеріне көз салып жатыр. Орта Азиядағы мемлекеттерге саяхаттағылары келеді. Қазіргі жағдайды олар өздері үшін жақсы мүмкіндік санайды. Үлкен тұтыну нарығын ашуға болады. Бізге олардың қыдырып келуі экономикамызға пайдалы, ақшамен келеді. Бұрын екі елдің арасында виза болса, қазір ол режим жоқ, яғни туристердің келуіне мүмкіндік ашылды. Ендігі әңгіме, біз оларға жақсы туристік алаңдарды ұсынып, қызмет сапасын көрсете білу. Әрбір турист үш күнге келгеннің өзінде бір мың доллардан тастап кетеді. Біз бұл тұста экономикалық тұрғыдан қарауымыз керек. Қазақстанның экономикалық саясатының бір бағығы – туризмді дамыту. Бізде мол мүмкіндік, ықтималдық тұрғанда оны Қазақстанның билігі, туристік компаниялары неге пайдаланбасқа?! Біз мұны мықтап қолға алуымыз керек, табыс көзі. Жалған ұранға, әсіре ұлтшылдыққа ұрынбай көрші елдердегі туристерді молынан шақыруымыз керек. Егер қытайлық туристер бізге келмесе басқа елдерді шарлап кете береді, ақша да басқа жаққа кетеді. Қолдағы мүмкіндікті пайдалану керек. Қытайлар әсіресе Атлант, Тынық мұхиты кеңісігінде, геосаяси тұрғыдан қысымға ұшырап отыр. АҚШ саясатының негізінде Үндістанды, Филиппинді де қосып алды да, қытайлықтардың Шығыс Азияға шығуға мүмкіндікері тарылып барады. «Бір белдеу, бір жол» жобасын олар өздеріне мүмкіндік деп қарайды. Олай болса біз осы мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек», — деді форумды ұйымдастырушылардың бірі Құрмет Қаділғазыұлы.

Оқылып жатыр

Депортацияланған балалардың көбі Сібірге жіберілген: ​Ресей соғыс ашқан Украинадан кемі 35 мың баланы ұрлап кеткен

«Жолдау — 2025»: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

Вашингтонның визалық талабы: АҚШ-қа барғысы келетін ресейліктер Астанаға ағылатын болды

«Маған парламенттік реформа туралы айту оңай емес»: Тоқаев кезінде өзі 10 жыл басшылық еткен сенатты таратуды ұсынды

«Президенттеріңіз жақсы адам»: Трамп Тоқаевқа сәлем жолдап, Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты (ВИДЕО)

Дональд Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті

Соңғы жазбалар

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025

Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда

17 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

17 Қыркүйек, 2025

«Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды

17 Қыркүйек, 2025

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

17 Қыркүйек, 2025

«Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты

17 Қыркүйек, 2025

«Шымкенттің бокс стилі бөлек қой!»: Бокстан әлем чемпиондары Руслан Берденовке ерекше алғыс білдірді

17 Қыркүйек, 2025

«Анасы қонақ күтіп жүрген»: Абай облысында қызуы көтерілген бес айлық сәби көз жұмды

17 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.