Бұл апта ішінде елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Полковник Абзал Ғабдоллаұлы Жұматаев ҚР ІІМ Ұлттық ұланы бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Абзал Жұматаев мансап жолын 1997 жылы бастаған. Содан бері Ішкі істер органдары жүйесінде әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет етіп, өзін тәжірибелі офицер ретінде көрсете білген.
Айбек Сыдықов Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК-да экскурсия жүргізушісі болып бастаған.
2007-2015 жылдары — «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК ғылыми қызметкері, директордың орынбасары, директоры;
2015-2016 жылдары — «Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі» КМҚК директоры;
2016-2022 жылдары «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мемлекеттік музейі» РМҚК мұражай бөлімінің басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары болды.
ҚР Туризм және спорт министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Ғалымжан Әлиакбарұлы Мұстафаев ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ғалымжан Мұстафаев 1978 жылы 7 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін (құқықтану), «Болашақ» университетін (экономика) тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы Қызылорда қалалық сотының сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы болып бастаған.
1999-2001 ж.ж. – ауысу тәртібімен Қазалы аудандық мемлекеттік нотариалдық кеңсесінің консультанты, маманы.
2002-2005 ж.ж. – Қызылорда қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы, бөлім басшысы, қала әкімінің көмекшісі.
2005-2008 ж.ж. – жеке кәсіпкер.
2008-2010 ж.ж. – ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті заң бөлімінің бас маманы.
2010-2022 ж.ж. – Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары.
2022-2023 ж.ж. – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Ойын бизнесін және лотерея қызметін үйлестіру басқармасының басшысы.
2023-2024 ж.ж. – ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы.
2024 жылдан бастап осы кезең кезеңге дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Әлібек Хасенов ҚР Туризм және спорт министрлігі «Қазспортинвест» АҚ президенті болып тағайындалды.
Әлібек Хасенов 1986 жылы 3 қазанда Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетін (маркетинг), Қазақстан-Ресей университетін (құқық) тәмамдаған.
Еңбек жолын 2016 жылы ҚР Президенті Іс Басқармасының «Қараөткел» РМК ресми іс-шаралар бөлімінің бастығы болып бастаған.
2018 жылдан бастап мемлекеттік және ірі іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады.
2019-2024 жылдары – каноэ федерациясының ескек есу спортын дамыту жөніндегі атқарушы директор. 2024 жылдан бастап Астанада «Болашақтың ойындарын» өткізуге өтінім әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.
Ақмола облысы әкімінің бұйрығымен Досұлан Айтбаев Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Досұлан Ерланұлы Айтбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану магистрі.
Мемлекеттік қызметте 17 жылдық еңбек өтілі бар.
Еңбек жолын 2008 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімі аппаратының бас маманы ретінде бастаған.
Қостанай облысы әкімі аппараты мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі жауапты қызметтер атқарған.
Тағайындалғанға дейін Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында болды.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Тілек Көшмағанбетов тағайындалды.
Тілек Жеткізгенұлы Көшмағанбетов 1979 жылы Маңғыстау облысында туған.
Еңбек жолын 2001 жылы «Нефтебанк» акционерлік қоғамында несие бөлімінің маманы қызметінен бастап, кепілдік беру бөлімінің бас маманы, несие бөлімінің менеджері қызметін атқарды.
2006 -2007 жылдары «ТМ-2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. 2007-2010 жылдары Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, кейін бөлім басшысы лауазымын атқарды. 2010-2012 жылдар аралығында Маңғыстау облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2012-2015 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары, 2015 -2019 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болды. 2019-2022 жылдары Маңғыстау ауданының әкімі лауазымын атқарды.
Асқар Ғазалиев Қарағанды облысы Өнеркәсіп басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Асқар Ғазалиев мемлекеттік қызметте 2009 жылдан бері еңбек етіп келеді. ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Президентінің Іс-Басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің бас консультанты, бас инспекторы лауазымдарын атқарды.
2024 жылдың сәуірінен бастап осы уақытқа дейін ҚР Үкіметі аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.
Серік Ергешов Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Серік Жүрсінбайұлы Ергешов 1979 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1996 жылдан ішкі істер органдарында бастаған. Ұзақ жылдар бойы ОҚО ІІД Шымкент қаласының ішкі істер басқармасында түрлі басшылық қызметтер атқарған. 2019 жылдан Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары қызметінде болды.
Ұлытау облысында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы мен Қазынашылық департаментінің бастығы тағайындалды. Қазынашылық департаментінің бастығы лауазымын Әділбек Тайжанұлы Есқараев атқаратын болды.
Әділбек Тайжанұлы Есқараев 1972 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудиторлік» және Болашақ университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1994-2008 жылдар аралығында Қызылорда облыстық салық инспекциясында және қазынашылық басқармасында қызмет атқарды.
2008 жылдан бастап Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшының орынбасары болды.
Ал Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып Құрмет Саттыбаев тағайындалды.
Құрмет Есмұратұлы Саттыбаев 1993 жылы дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» және Алматы экономика және статистика академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Қарағанды қаласындағы «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» республикалық мекемесінде зерттеуші болып бастады.
2015-2017 жылдары — Қарағанды облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында бөлім меңгерушісі.
2017-2020 жылдары Ақмола облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінде жауапты қызметтер атқарды.
2020-2022 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бас сарапшы болды.
Аталған лауазымға тағайындалмас бұрын басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Шығыс Қазақстан облысындағы Ішкі саясат пен Мәдениет басқармаларына жаңа басшы тағайындалды.
ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Ернұр Бурахан тағайындалды.
Ол әр жылдары облыс әкімінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының баспасөз хатшысы, ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
«Aqtobe» аймақтық телекомпаниясының бас директоры және «Qazaq radiolary» ЖШС-нің бас директоры лауазымдарында жұмыс істеген.
2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.
ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы болып Самат Қасенов тағайындалды.
Ол – Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 2006 жылы С.Аманжолава атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылдан бастап Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің тарихи-мәдени мұра бөлімінде қызмет етті. 2013 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімінде жұмыс істеген. 2019 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарды.
2023 жылдың 14 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2024 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарды.
Абай облысының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып Ануар Бейсенов тағайындалды.
Ануар Талғатұлы 1994 жылдың 29 қазанында Астана қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2015 жылы Астана қаласының жер қатынастары және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасының оқушы жастар үшін сабақтан бос уақытта қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін есепке алу технигі болып бастады. Онда 2017 жылдың маусымына дей3н жұмыс істеді. 2017-2020 жылдары аралығында Қостанай қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің қызметкері, бас маманы лауазымдарын атқарды.
2020 жылдың наурызы мен қыркүйегі аралығында Қостанай облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының егіншілік және прогрессивті технологиялар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2020 жылдың қазанынан 2022 жылдың ақпаны аралығында Қостанай облысы жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасының жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы және басшысы лауазымдарын атқарды.
2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылғы қараша айлары аралығында облыстық жерді пайдалану мониторингі және жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жетілдіру басқармасының бас сарапшысы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.
2024 жылдың мамыр айынан осы уақытқа дейін Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Таэквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне Есбол Сұлтанов тағайындалды.
Қазақстандық жанкүйерлер оны Тунис құрамасында қызмет атқарған кезінен жақсы біледі. Ол аталған елде 2023 жылдан бері еңбек етті. 2024 жылы Париж Олимпиадасында ол тәлім үйреткен Фирас Катусси алтын алса, Мохамед Халиль Джендуби қола жүлдеге қол созды.
Нәтижесінде Есбол Сұлтанов Халықаралық таэквондо федерация тарапынан жоғары бағаланып, жыл бапкері атағына лайық деп танылды.
Қазақстандық маманның Тунис құрамасымен келісімшарты аяқталды. Енді ол Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтыруға мүмкіндік алды.
Белгілі ақын, айтыскер, әдебиеттанушы Дәулеткерей Кәпұлы Астана қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» директорының орынбасары, АЛЖИР мұражайының директоры болып тағайындалды.
Дәулеткерей Кәпұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Дарын Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
Еуразия университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы (1999-2005), Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қазақ филологиясы факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы (2006-2008) қызметтерін атқарған. Астана қаласы әкімдігі, Мәдениет басқармасының қызметкері болып жұмыс істеген.
Елордада жарық көрген «Алтын тамыр» әдеби-танымдық журналының шеф-редакторы, Астана қаласындағы «Фолиант» баспасы директорының орынбасары болып қызмет атқарған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті директорының орынбасары қызметінде болған.
Аталған университеттің PhD доктаранты.
Бұған дейін Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының төрағасы болды.