Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (ІІМ) 2025 жылдың алғашқы екі айында іздеуде жүрген 311 күдіктіні ұстады,деп хабарлайды todayinfo.kz.
Қылмыс түрлері бойынша ұсталғандар
Кісі өлтіру – 7 адам
Қарақшылық шабуыл – 1 адам
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру – 6 адам
Тонау – 7 адам
Бопсалау – 1 адам
Ұрлық – 75 адам
Есірткі қылмыстары – 10 адам
Сонымен қатар, 145 хабар-ошарсыз кеткен адамның жүрген жері анықталды.
Халықаралық іздеу және шетелде ұсталғандар
Қазақстан полицейлері ТМД және алыс шетелдерде іздеуде болған 85 адамды ұстады.
Түркістан облысында мемлекеттік шекарадан өтпек болған кезде Мәскеу тұрғынын өлтіргені үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды.
Жамбыл облысында 2014 жылы Тәжікстанда 72 келіден астам гашишпен ұсталған шетелдік азамат құрықталды.
Польша, Варшава әуежайында 2014 жылы қазақстандықтарды алдап, 1 миллион доллар жымқырған ер адам қолға түсті.
Түркия, Антальяда алматылық тұрғындарды 146 мың АҚШ долларына алдаған 39 жастағы әйел ұсталды.
ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, халықаралық әріптестіктің арқасында Қазақстаннан тыс жерде іздеуде жүрген 21 адам анықталып, ұсталған.