Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысып отыр, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде жасанды интеллектті дамытуға ерекше көңіл бөлу керегін айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл бағытта жүйелі әрі тиімді жұмыс жүргізу үшін арнайы министрлік қажет.
Жаңа ведомство жасанды интеллектке байланысты барлық мәселелерді қадағалайды. Тоқаевтың сөзінше, бұл министрлікті вице-премьер дәрежесіндегі тұлға басқаруы тиіс. Мұндай мәртебе елдегі технологиялық үдерістерді ең жоғарғы деңгейде үйлестіріп, заманауи шешімдерді тезірек енгізуге мүмкіндік береді.
«Қазақстан 3 жыл ішінде цифрлық елге айналуы керек» — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.