«Астана форматындағы» кепілгер елдердің ұжымдық өтінішіне сәйкес 2024 жылғы 24-25 қаңтарда Қазақстан елордасында Астана процесі шеңберінде Сирия бойынша 21-ші халықаралық кездесу өтеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен Сирия оппозициясының делегациялары қатысады. Бақылаушылар ретінде Иордания, Ирак және Ливан, сондай-ақ БҰҰ, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері қатысады деп күтілуде.
Алдын ала күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалды дамыту, САР-дағы кешенді реттеу жөніндегі күш-жігер, Сириядағы гуманитарлық ахуал және Сирияны жанжалдан кейінгі қалпына келтіруге жәрдемдесу мақсатында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру және т.б. мәселелер енгізілді.
фото: astana.citypass.kz
Todayinfo.kz