Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Астанада операция үстелінде 13 жастағы баланың көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo.
— Өкінішке қарай, мұндай оқиға болды. Баланың ата-анасына қайғырып көңіл айтамын. Бүгінде сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Оның қорытындысына сәйкес ресми хабарлама жариялаймыз, — деді Ержан Нұрлыбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.