Қазақстанда зейнетақы жинағындағы қаражатты стоматологиялық қызметке пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Бұл туралы «Отбасы банк» хабарлады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Аталған күнге дейін берілген барлық өтінімдер қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді», – делінген «Отбасы банк» таратқан хабарламада.
Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны туралы қосымша хабарланатыны айтылған.