Фотоколлаж Todayinfo
Бүгінде олардың бәрі О дүниелік болған.
Жазушы Махтар Мағауин жер сатуды қолдаған тұлғалардың атын атап, олардың әрекетін қылмысқа теңеді. Соңғы сұхбатында жазушы жат жерде 18 жылдай өмір сүрсе де елді мүлдем сағынбағанын ашып айтқан. Ол жер сатуды қолдаған танымал тұлғалар сатқындық жасаған деп санайды. Жазушы өзінің әріптестеріне ауыр айып таққан, деп хабарлайды Todayinfo.
Қазақстан Халық жазушысының соңғы сұхбаты оның туған күні қарсаңында жарық көрді.
«Елге деген сағыныш жоқ. Өйткені мен айтатынымды айтып болдым, жазадынымды жазып болдым. Қазақ деген — менмін. Қазақстан деген- менмін. Менің жүрегімде барлығы, көңілімде. Ешқашан сағынып көргенім жоқ, өтірік айттып керегі не?! Мында толық еркіндік. Пәлен-түген әңгімеден тысқарысың.
Кейбір ағайындар мені естімейді, білмейді деп ойласа керек, жамандап жібереді интернетке.Одан ештеңе өзгермейді. Қазақ менің өзімде. Бұл жерде қымыз жоқ, басқаның бәрі бар»,- деген жазушы.
Ол Үкіметтің жерді сату туралы ұсынысы бұрын да болғанын, алайда қазақ қоғамы қарсы шығып тоқтатқанын еске салды. Дегенмен Назарбаев жер сатуды бәрібір іске асырған. Ал ел сенім артқан ақын-жазушылар жер сатуды қолдаған.
«Назарбаев дүрілдеп тұрған кезінде талай нәрсені айттық. «Ел иесі, жер жетім» деп жазғам. Назарбаев бастаған қазақ үкіметтінің саясаты қазақты құрту болды. Барлық жағынан жаныштау. Назарбаев үкіметтінің ең үлкен қылмысы жерді сату. Соған біздің жазушылар, зиялы қауым қарсы болды. Алтынбек Сәрсенбаевтың ұйымдастыруымен 1998 жылы жиын болды. Шығармашылық одақтағы суретшілер, композиторлар бәрі келді. Сонда біз қатты қатты сөйледік, айттық. Сонымен тоқтады.
Бірақ сонда менің сөйлеген сөзімді еш жер баспады. Мен ол кезде журналда редактормын, журналға бастырдым, ”Жер қазақтікі” деп мақала жаздым. Сонда айттым “қазір тоқтады бірақ келесі ғасырда 3- 4 жылдан соң қайта көтерілуі мүмкін” деп. Қайта көтеріліп, жерді сататын болды.
Парламенттегі Мұртазаев пен Оңғарсынова екеуіде жер сатылсын деп қол көтерді. Ал қазір осындай нәрсені жасырып қояды, бұл біреуді кеміту емес, ол сабақ болар еді. Мұртазаевті «герой» қылып қойды, әулие қылып қойды.
Ал ол жер сатылуын мақұлдап мақала жазды, дауыс берді. Сол ең үлкен қылмыс. Жер мәселесін оңалту өте қиын», — деді Мұхтар Мағауин соңғы сұхбатында.
Еске салайық, Мұхтар Мағауин өзінің соңғы сұхбатын журналист Жанар Байсемізоваға берген. Жазушы АҚШ-та 2025 жылдың 10 қаңтарында 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Америкада Мұхтар Мағауин атындағы Қазақ мәдени-ағарту орталығы ашылады